+2 дауыс
27.0k көрілді
Кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектердің айырмашылығы қандай?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қысқаша айтқанда, сүйек органикалық заттар және минералды тұздардан тұрады. Органикалық заттар сүйектің иілгіштігіне, минералды тұздар қаттылығына жауап береді. уксусқа салып қойсан минералды тұздары еріп кетеді де сүйек жұмсарып қалады. Ал өртегенде керісінше органикалық заттары жанып кетеді да минералды тұздары ғана қалып, морт сынғыш болады
+2 дауыс

Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі — сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.

Сүйек қабының қан тамырлары мен нервтері бар. Сүйектің 1/3 бөлігі органикалық және 2/3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.

Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.

Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.

Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.

0 дауыс
Күйдірілген сүйектен тек күл қалады, ал күл құрамында тек C4 қалады!

Кальцийсіздендірілген сүйекте  органикалықұнтақ қалады!
...