Сүйген адамым болса да, құда түстіріп алдырам, келісімге келіп,сырға тағып кетуге қаражаты жететін шығар енді. Біздің жақ (Ақтөбеліктер) киіттеспейді, қалың мал сұрамайды, сондықтан өз тойымды, өзім қалағандай,өзім армандағандай қылып жасаймын. Және өзімнің әке-шешемнің қолынан ұзатылып кеткенді жөн санаймын. Әке-шешем қаншама жыл асырап бағады, олар да тойға қатысып жарқырап отырса дейм. Жігіттің тойы қандай болса да,ренжімеймін, дүркіретіп той жасап бере алмайм десе келісем.