+1 дауыс
603 көрілді
Әкем қарақалпақ, анам қазақ.Жасым 16-ға толды.Бүгін анам екеуміз жеке куәлік алуға өтініш қалдыруға барған едік.Ұлтымды анамның атына ауыстырып, қазақ қылып алайын десек,сол жақтағы қызметкер "олай болмайды.Қызыңыз 18 жасқа толған кезде ғана ұлтын кімнің атына ауыстыратынын таңдайды.Ал қазір тек әкесінің атына ғана жазылады" деп жауап берді.Бірақ менің көп таныстарым әкесінің ұлты басқа болса да,анасының атына ауыстырып,қазақ қылып жатыр.Енді не істеуге болады.

3 жауап

0 дауыс
Әрине ол үшін ақшасын бересің.......
+1 дауыс
"08" коды азамат өзінің ұлтын өзгерткен кезде көрсетіледі. Паспортта және жеке куәлікте ұлты туралы жазба ата-аналарының ұлтына сәйкес жүргізіледі. Ата-аналары әр түрлі ұлттан болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматы әкесінің немесе анасының ұлты бойынша еркін таңдау құқығы бар.
      Ата-анасының ұлты белгісіз болған жағдайда, оны құжат иесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес айқындайды.
      Азаматтардың жеке куәліктерінде және паспорттарында ұлты туралы жазбаны өзгертуді олардың жазбаша өтініштері бойынша ішкі істер органдары туу туралы куәліктің және қолдаухаттың негізділігін растайтын өзге де құжаттар негізінде бір рет жүргізіледі.
      Ұлтын өзгерту туралы өтініштің негізділігі расталған кезде халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкер екі жұмыс күн мерзімінде ұлтын өзгерту бойынша қорытынды шығарады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімнің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді және қорытындыларды тіркеу журналында тіркеледі. Тексеру материалдары бөлек номенклатуралық істе қалыптастырылады.
      Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәліктің (немесе паспорттың шетелде тұратындар үшін) деректері жазылады, ал формулярдың артқы бетінде бос орында елтаңбалы мөрмен расталған ұлтты өзгерту туралы қорытынды нөмірі мен күні қойылады. 8-жолда азаматтың жаңа ұлты, ал 8-жолдың астына бұрынғы ұлты жазылады.
      Біруақытта халықты құжаттандыруға және тіркеуге уәкілетті қызметкер азаматқа ұлты туралы жазбаның өзгертілгені туралы анықтама береді, ол тиісті азаматтық хал актілеріндегі жазбаларда ұлты туралы мәліметтерге өзгерістер енгізу үшін өзінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілері жазбалары (бұдан әрі - АХАЖ) органдарына ұсынылады.
      Сондай-ақ "08" коды азамат жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлтын көрсеткісі келмеуіне байланысты, оларды ауыстырғанда формулярды толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл жағдайда 8-жол толтырылмайды, онда "999" коды қойылады.
      Азаматтардың паспорттарында, жеке куәліктерінде ұлты туралы жазбаны өзгерту туралы даулар сот тәртібімен шешіледі.

Дерек көз http://normativ.kz/view/83222/
+1 дауыс

Әділет үйіндегілер Заңды қате түсінеді демек. Қазіргі қолданыстағы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 65 бабына сәйкес баланың ұлты ата-аналарының ұлтымен айқындалады. Яғни Сіздің ата-аналарының ұлты әртүрлi болғандықтан, сіз осы жеке куәлiкті алар кезде, ата-анаңыздың рұқсатынсыз, өзіңіздің қалауыңыз бойынша әкеңіздің немесе шешеңіздің қай ұлтқа жататынын таңдауға құқылысыз. Кейінірек қалауыңызша өтiнiшiңіз бойынша тек қана ата-аналарының екіншісінің ұлтына өзгерте аласыз.

Өз құқыңыздың сақталуын талап етіңіз!

...