Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
K-pop — Оңтүстік Кореяда 90-шы жылдардың ортасында батыстың электропоп, хип-хоп, заманауи R’n’B сынды музыкалық жанрлардың элементтерін бойына жинаған жаңа музыкалық жанр пайда болды. Әлем бойынша өте белсенді дамып жатқандығына таңқалған пекиндік журналистер бұл кореялық музыкалық жанрды K-pop деп атады. Басында тек музыкалық жанр ретінде пайда болған K-pop көп ұзамай миллиондаған әлем жастары арасында танымалдылыққа ие болып, оңтүстіккореялық сән мен стильге еліктеген жастардың субкультурасына айналып үлгерді.
Көпшілікке танымал емес K-pop кореялық IT-индустрияның соңынан ілесе дами отырып, сол кездері жаңадан пайда бола бастаған әлеуметтік желілер, ұялы телефондардың дүниеге келуімен таныла бастаған еді. Сөйтіп интернеттің, жаңа технологиялардың дами түсуі дүние жүзі бойынша K-pop табынушылар санының артуына басты себеп болды.