1-жаттығу:
Бао тао рао
Пао гао лао
Дао као мао нао
Әрбір тіркесті айтқанда жеңіл қимылмен басты артқа, оңға, солға, төменге иіліп сосын қалыпты жағдайға қайта келу керек.
2-жаттығу. Енді тілдің бұлшық ет қысымын алып тастауға арналған жаттығуларды жасаймыз.
Тілді босатып, оны төменгі ерінге қою керек. Сол қалыпта дауыссыз дыбыстардың таблицасын айтып шығыңыз. Содан кейін тілді еріннен алып тастап, дауыссыз дыбыстарды қайта айтып шығыу керек. Сөйтіп, бір мәтінді айтып, бұлшық қысымдарын тексеру.
3-жаттығу. Әріптердің өзіндік қасиетін, сан-салалы қырларын меңгерген соң енді дыбыстарды іс-әрекет, түрлі қимылдармен байланыстыра отырып жаттығу жасау. Сазды әуеннің ырғағымен қозғалысқа түскен дене қимылы – қолға, иыққа және аяққа жан бітіріп, барлық дене мүшелерін босату арқылы бұлшық еттерінің босатады, дауысқа күш-қуат береді.
Мысалы, нотаны қайталап айту арқылы. До-ре-ми-фа-соль-ля-си-до. До-си-ля-соль-фа-ми-ре-до.
4-жаттығу. Келесі кезекте біртіндеп әртүрлі әуенге қосу арқылы жаттығу жасаймыз.
Сонымен, оның нәтижесі: қимыл – сөз - әуен-сөз-қимыл яғни, жалғасуын тудырады. Әріптерді әр түрлі қимыл әрекеттермен байланыстыру, яғни сазды әуеннің ырғағымен қозғалысқа түсіп, билей жүріп әріптерден құралған сөздерді айту.
Мысалы:
Мен мен мен едім,
Мен нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім
Қай қазақтан кем едім,
Мың қазаққа тең едім - әуенге қосып, билеп жүріп айту.
Фонация кезінде адам өз дауысының дыбысталу сапасын, оның тембрін нақты белгілей алмайды.
Дерек көз http://www.rusnauka.com/15_NPN_2013/MusicaAndLife/4_139237.doc.htm