Көп жазып кетермін , ренжімеңіздер , оқып шығуға уақыт табасыздар деп үміттенемін))
Сайтта жүргеніме 2 жыл болып қалды , мына аккаунтты алғаныма да біраз болды. Бір байқағаным... Махаббат жайлы сұрақтар жиі қойылады. Бұл сұрақтар жоғары дауысты да көп жинайды , қаралуы да басқа сұрақтарға қарағанда жоғары.... Жауап беретіндер де аз емес. "Қалай жігітті қаратуға болады?" , "Қалай қызды сындыруға болады?" , "Қызыма қалай сөз салам?" т.б. сұрақтар өте көп. Әсіресе осы тақырыпта bailanyshy, jakibai , нуржамал сактаганова , ainura және біраз фейк-аккаунттар қояды. Бұның барлығын жәй жазып жатқаным жоқ... Бүгін СЖ-ға кірсем бір адам "Сәлем! Өтінішім бар еді..* қолданушының номерін берші." деген ЖХ жіберіпті. ЖХ-ма ананың номерін тауып берші , анаумен таныстырып берші деген сұрақтар да жиі келеді. СЖда да бір-бірін ұнатып жүрген , бірақ айта алмайтын, қорқатын , ұялатын , жігітінің / қызының бар-жоғын біле алмай жүрген қолданушылар баршылық. Сұрағымның басты бөлігіне көшейін... Сұрақ - жауап арқылы танысып , бақытты болып жүрген жұптар бар. Солардың қатарын көбейтіп, бір-біріне деген сезімдерін айта алмай жүрген қолданушыларға көмек болсын. СЖдан жұптар шығаруға қалай қарайсыздар? Сіз менің ұсынысымды қолдайсыз ба? Сіздің жігітіңіз/ қызыңыз бар ма? Осы бір сауалға жауап берсеңіздер. (Ерекше атап кетйін , талай қыздың/жігіттің жүрегін жаулаған Чичарито , Елеке , Жұбатхан , Жанар 996 , Купидончик , Студент қыз ) Тек қана жігіт / қыз болуға емес , дос болуға қалай қарайсыздар? ЖХ-ға жазып, өтініш айтып жүргендер осы сұраққа жауап берушілер арасында өз пікірлеріңізді жазып кетіңіздер.