Махаббат туралы қандай жақсы поэзиялар бар?

0 дауыс
2.9k қаралым
Махаббат туралы қандай жақсы поэзиялар бар?
• Санаты: Кітап, Әдебиет Белгісіз

2 жауап

0 дауыс
Жүрегім сыздамашы...

Өртеніп барады ғой жалғыз жаным,
Сені ойлап күлкіден де арылғаным,
Еске алып қайта-қайта сөздеріңді,
Мен сенен кетпеші деп жалынамын.

Жүрегім сыздамашы өтінемін,
Расында бәріне мен өкінемін.
Сақталған кеудемдегі суретіңді,
Өзім-ақ сен сияқты өшіремін.

Ыстығын махаббаттың мен білмедім,
Білсем де, ойын қуып жүрген едім.
Ойынға неге сені қызықтырып,
Қалайша, күйіп, жанып өртенемін.

Көңілім қоштасуды қаламады,
Бұл кейіп жүректі де мазалады.
Жас тұнып жанарыма қимай сені,
Сезімдер өлең болып таралады.

Неліктен мені оңай қидың екен,
Оны да кімнен сұрап білер екем.
Неліктен, бақыт тілеп қайрылмастан,
Менімен суық қанды болдын екен?!
0 дауыс
http://dosma.blog.nur.kz/olen-shumaktary/     ---  http://dosma.blog.nur.kz/   <---- МЫНА сілтемелерде  БІРАЗ БАР ЕКЕН.....мАХАББАТ.

Ұқсас сұрақтар

127,809 сұрақ
322,406 жауап
153,154 пікір
72,845 қолданушы