0 дауыс
1.1k көрілді
Консерватория деген не,,, және ішінде  ән  саласын  үйрететін   барма. Және  де нешенші сыныптан шыққан тиімді...  9 сыныппа әлд 11 ма???  9 сыныптан шықсам  консерваторияны оқи аламынба???

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
консерватория жайлы мәлімет http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D0%B5%D1%80%D0%B2%D0%B0%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F
0 дауыс
және де  астанада консерватория саласын оқытатын жер барма,
0 дауыс
консерватория дегеніміз жоғарғы оқу орын, музыка саласында білім береді, әншілерді, музыканттарды, композиторларды оқытады. Алматы қаласында Құрманғазы атындағы мемлекеттің консерватория бар, 11 класстан кеін қабылдайтын шығар деп ойлаймын, нақтысын білмеймін.
0 дауыс
Консерватория– (итал. соnsеrvаtогіо, алғашқы мағынасы - баспана,лат. соnservо - сақтаймыз) -музыка мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны. Консерваторияда музыкылық шығармаларды кәсіби орындаушылар (ішекті, үрмелі, халық аспаптарында ойнайтындар, әншілер, дирижерлер), композиторлар, музыка мәдениетінің тарихшылары мен теорияшылары, музыка зерттеушілері даярлауды. 16 ғасырда панасыз балалардың қолөнер кәсібімен шұғылданатын баспанасы (алғаш рет 1537 жылы Италиядағы Неаполь қаласында ашылды) Консерватория деп аталды. 17 ғысырда осы баспаналарда олардың оқу жүйесіне музыка пәні енгізілді. 18 ғысрда музыкант-орындаушылар мен композиторларды даярлауда Италия консерваториялары үлкен роль атқарды. Мұнда басқа еуропа елдердің музыканттары да оқыды. 1793 жылыПарижде тұңғыш ұлттық музыка инистуты ашылды. (1795 жылы ол консерваторияға айналды). 19 ғасырдың 1 -жартысында Миланда (1807), Прағада (1811), Варшава мен Венада (1821), Лондонда (1822), Мадрпдте (1830), Брюссельде (1932), Лейпцигте (1843), Рио-де-Жанейрода (1847), Бостонда (1853), т.б. жерлерде ашылды. Қазіргі ТМД елдері аумағында алғашқы консерваториялар Санкт-Петербургте (1862), Мәскеуде (1866), кейін Саратов (1912), Киев пен Одесса (1913) ұйымдастырылды. 1972 жылы бұрынғы КСРО-да 19 консерватория (Тбилиси, Харьков, 1917; Рига, 1919; Баку, 1921; Ереван, 1923; Минск, 1932; Ташкент, 1934; Кишинев, 1940; Қазан, Вильнюс, 1945; Новосибирск, 1956, т.б.) болды. 1944 ж. Алматы Консерваториясы (2001 жылдан (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды.
...