+7 дауыс
7.5k көрілді
Бар болса жаза кетіңіз, ұнағаны болса күнделікке түртіп алайық.

19 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Білмеймін, мынау бір шатпырақ бірдемем бар еді , ұнамаса өшіре саламын.
Жек көремін арақты,
Арақты!
Талай жанның
шаңырағын қиратты ,
уықтарын таратты.
Бұл арақтың кесірінен
Талай жанның көзінен
жас емес, жас емес
қан ақты!
Атам қазақ спиртсіз-ақ
Ішкен қымыз, шалапты.
Имандылық болса егер бойыңда,
Таста сыра, шарапты!
Бабамызда мұндай сусын болмаған!
Береке әкелген жоқ ол маған, ол саған.
Арақ деген оңбаған!
....
Өшірмеңіз! Дәл осы қалпында тұрсын. Алқаштардың дәл жүрегіне барып тиетіндей екен.(y)
ойба-а-а-ай ар жағын жазбай-ақ қой,жүрегіме тиіп өксіп-өксіп жылағым кеп кетті..!!!
Кекеткенің бе, әлде шының ба?Юзер?
алқаштардың жүрегіне?????
Өте жақсы астарлы жазылған өлең!!!бірден көзіме жас жиналды
+7 дауыс
өлең шығармайтын қазақ болады әу демейтін қазақ жоқ
+8 дауыс
Ғашық болдым сол бір жанды көргеннен
Сүю деген не екенін білдім мен
Арманымсын, бақытымсын жан жарым
Еш бір жанға көңіл бөліп көрмеген

Япыр-ау жүрегі тастан жаралған
Қоладан ба күмістен қаланған
Мен оны сүйдім үмітпенен қараған
Қарадмда жүрегім сыздап ауырған.

Сол кезден бері жылжи берді күндерім
Қайғылы да қуанышты сәттерім
Көрмеймін де сүймеймін де десемде
Ұмытудын қиындығын білдім мен

Ұмытам дим-ау , ұмытылмай қалдын ғой
Әрбір сөзі жүрегімде жанды ғой
Бейнең сенің көз алдымда тұр алі
Ұмытылмай сен жанымда қалдын ғой.

Осылайша апталапта өтті күн
Ұмытуға сәл ақ қалдым мен бүгін
Қайта көрдіммен сені бір күні
Махаббаттын отына мен түстім.

Айым менің саған қолым жете ме
Жете алмай мәңгі өмірден өтем бе?
 Түсімде саған қолым жетсе де
 Өнімде қолым жетпей кете ме?

қатесі болса жөндей жатарсыздар :o
X man өте тамаша. Бірақ мағыналары бір секілді. Сіздікіндей өзгертейн. (clap)
Мен де кей кезде шабытым келген кезде өлең шығарамын,  ххыы осы сайттан байқағаным көпшілік махаббат, ғашықтық, т.б өлеңдерін шығаруға шебер екен! Ммоолодецтер
Кешіріңіз, бұл өлеңнен көрі қара сөзге көбірек ұқсайды. Ұйқас таба алмадым...
Оқасы жоқ. Ең бастысы жүректен шыққан сөздер ғой. Ол қара сөз ба өлең ба ол жағы маңызды емес )))))))))))))))))
Сіз өлең ретінде жазыпсыз ғой. Қара сөз ретінде жазылса, керемет! Қазақ поэзиясында ұйқас деген көп сынға түседі..
Ғашық болдым сол бір жанды көргенненСүю деген не екенін білдім менАрманымсын, бақытымсын жан жарымЕш бір жанға көңіл бөліп көрмегенЯпыр-ау жүрегі тастан жаралғанҚоладан ба күмістен қаланғанМен оны сүйдім үмітпенен қарағанҚарадмда жүрегім сыздап ауырған.Сол кезден бері жылжи берді күндерімҚайғылы да қуанышты сәттерімКөрмеймін де сүймеймін де десемдеҰмытудын қиындығын білдім менҰмытам дим-ау , ұмытылмай қалдын ғой Әрбір сөзі жүрегімде жанды ғой Бейнең сенің көз алдымда тұр алі Ұмытылмай сен жанымда қалдын ғой. Осылайша апталапта өтті күн Ұмытуға сәл ақ қалдым мен бүгін Қайта көрдіммен сені бір күні Махаббаттын отына мен түстім. Айым менің саған қолым жете ме Жете алмай мәңгі өмірден өтем бе? Түсімде саған қолым жетсе де Өнімде қолым жетпей кете ме?        
Сізің көңілінің үшін. )))))))))))))) Қара сөз
Мені риза қылмақ ниетіңізге рахмет!...
+6 дауыс
Әдемі гүл қызғалдақ
Түсі оның қызыл-ақ
Қызыл түске не жетсін
Болса бәрі қызыл зат...
+4 дауыс
Тек сені ойлап, сені жүрек аңсайды,
Көңіл шіркін,жылап кейде босайды.
Серт берсемде ұмытамын деп сені,
Атыңды айтып мына жүрек қоймайды.
Мен үшін ерекше ғой,сол бір адам,
Мен оны өмір бойы сүйіп өтем...
+9 дауыс
мен шығармаймын , шығарып көрмеппін , ол үшін талант керек ко
+8 дауыс
Анда-санда өлең жазатын әдетім бар еді, келе жатқан желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына шығарып едім.
Өздеріңіз бағалай жатарсыздар.

           Желтоқсан оқиғасы
  
    Күллі әлемді селт еткізген сол оқиға,
    Желтоқсан шықпақ емес, әлі ойда.
    Талай жастың жүрегінде тәуелсіздік,
    Күш-жігерін жинап шыққан сол бір бойға.

    Қыстың суық қытымыр аязында
    Есіп өткен желі еді аясын ба?
    Денені мұздай құрсап, дірілдеткен,
    Аяз бұл, борандай болған желтоқсанның аясында.

    Жастығына қарамастан ұрандай,
    Шықты алаңға жан беріспей аямай.
    Бар еді онда қиылған қыршынынан қазақтың,
    Талай жасы Қайратпенен Ләззаттай!

    Жеті әлемді бір өзіне қаратқан
    Ол алаңның шеруі емес еді салтанатты.
    Бүгінгі күн тәуелсіздік күнінде
    Сағынышпен еске алайық оқиғаға қатысқан әрбір жасты!
Керемет екен! Тіпті айтарға сөзім жоқ.....
+4 дауыс
Ғашықпын саған аяулы,асыл жаным
Мен мұны өзіңнен қалай жасырамын?
Жаңа ғана ғашық болсам да мен өзіңе,
Қайта-қайта көруге асығамын!
+8 дауыс
Кідірме, ойла уайымды,
Жетейін десең арманға.
Әрбір күн, апта, айыңды
Бағаламағын арзанға.

Еңбек қыл, болма еріншек,
Орынсыз күліп мас болмай.
Болашағыңа жеміс ек
Ертеңгі күні бос қалмай.

Болатын іске ниет қыл
Не болса соны ойламай.
Бір ғана мақсатқа ұмтыл
Арманға терең бойламай.

Иманды естен шығарма.
Ұмытпа жаратқаныңды.
Бір жаратқаннан сұра да
Сол мақсатқа сал барыңды.

Салынба күлкі мастыққа
Абай бабам айтқандай.
Мұң мен Хақты ойла жастықта
Арманға ұмтыл ақ таңдай!
-деп мен өзіме өзім айтып жүрем))).
+4 дауыс
Ұнамаса пікір қалдырыңдар өшіре салам. Жөндесеңіздер де болады. бірақ пікірге қалдырыңыздар.

Мұқағалиды демейсің сен жай ақын
Ол дегенің дарабозы 20-сыншы ғасырдын.
Қазақстан Жазушылар одағының шешімімен
Ғасырдың ақиық ақыны атты есім берген.
Өмірдің ашы-тұшысын ерте тартты
Біз сияқты ойнап-күлген жоқ ол дағы.
Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тапты
Еңбекпен анасын бағып асырады.
Поэзияның көгінде самғады
Білімі орташа болса дағы.
Өлеңінің негізгі тақырыбын
Отан,туған жер,әділдікке арнады.
Мұқағали Шәмілдің құрдасы
Мұқағали қазағымның жыр басы.
Шыққан тегі текті ұлы ақынның
Мұқағали 100 жылда бір туады.
Ұнамағаны қалай? Мен талантты жастардың бәрін де бағалаймын, өшірмеңіз, тұра берсін...)
Дегенмен ұйқасы әлсіз екен. Келесіде ұйқас пен буынға мән беруіңе кеңес берем.
+5 дауыс
Поэзияға жаным құмар еді, аз да болса өзімнің жыр жолдарын жаздым. Пікір қалдырарсыздар...

Қыз деген-бақыт,
Бәрiнде бола бермес.
Қыз деген-жақұт,
Оған еш баға жетпес.
Қыз деген-дана,
Ақылы асқақ оның.
Қыз деген-АНА,
Бақытка бастар бәрiн!
~ Жарайсың Әділгерей. Қысқа да нұсқа, мағыналы жырыңа +1 _ .
РАХМЕТ!!!
+8 дауыс
мына бир оленимди окып корсениздер
Шын суйген гашыгым ен,
               коруге асыгып ен,
 со кеште кездескенде ,
       мангиге суйемин деп
 мойныма асылып ен.....
...Тагдырын осындай-ды,
      екиге болди омир,
          суйгендер косылмайды.
 Сезимнин ушагында
,Бакыттын тусауында,
сен казир озгергенсин,
озгенин кушагында....
мангилик отер деп ем
,    сыр айтып тандарыма?
тек сени суйем деп ен,
      тагы да алдаднба?
калайша жасырарсын,
     жанымнан жас угарсын,
мангиге суйемин деп,
       онын да мойынына,
             еркелеп асыларсын....
                       тек алдама...
Керемет.
+7 дауыс
Мен қазақпын, дәстүрімді ұмытпаймын әрқашан!
Мұндай мейрам, болмап еді қазақтарда ешқашан!
Жаңа жыл деп бас қосады бұл бір күні ағайын,
Ысырап қып, харам ішіп өмірлерін қорлаған!
Исламды ұмытып халқым барады,
Ақиқатты түсіне алмай жатады.
Шетел десе тік тұратын үлкендер,
Сол бағытқа жолдан тайып барады.
Бұл бір мейрам сай келмейді қазаққа,
Дәлел бар ғой, айналған көбі мазаққа.
Бұл күндері түрлі апат болар хақ.
Сол күнәлар апарар сені тозаққа.
Шариғат та қолдамайды мұндай кесер мейрамды,
Талай жандар көріп білген бұл мейрамнан зиянды.
Ей,қазақтар ойланыңдар, ертерек!
Түсінесің, егерде сен оқып көрсең құранды!!!
+4 дауыс
мына бір шимайымды оқып көрсеңіздер. Соткамен жазылған кешірім сұраймын алдын ала..
Акиреттин билсен есеп-сурагын.
Келмес ед асте шыдагын.
Умит етсен жаратканнын сауабын,Сапынан калма жуманын.
Кунамды немен жуамын,
сайранмен отсе була кун.
Таубеге асык бауырым,
сапынан калма жуманын.
Колына устап куманын,
кокиректе ошип куман ун.
Мусылмандыкта сауап бар,
сапынан калма жуманын.
Сейилтип шайтан туманын,
умит ет  Алла жумагын,
мусылман болсан егерде,
сапынан калма жуманын
Напсинин тартып шылауын,
иманнан жаккын шырагын,
Аллахка жасап дуга мын,
махшардын билсен сынагын,
сапынан калма жуманын
Алла риза болсын. Керемет туынды.
+2 дауыс
Дос дегенің әрқашанда керек екен,
Дос болмаса өмірде қиын екен,
Қиын-қыстау күнінде табылатын,
Жан дос деген осындай болады екен.
Тамаша, жарайсыз!!!
хех рахмет!

Ұқсас сұрақтар

...