Пацифизм (лат. pacіfіcus — татуластыру, тыныштық орнату) — бейбітшілікті жақтайтын, зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған идеология. Пацифисттік қозғалыс,бейбітшілік үшін қозғалыс соғыс пен озбырлыққа қарсы бейбіт құралдармен әрекет ететін антисоғыстық қоғамдық қозғалыс болып табылады.
XIX ғасырдың 2-жартысында АҚШ пен Ұлыбританияда либералды интеллигенция ортасында пайда болған пацифистік қозғалыс кез келген соғысқа қарсы шығып, елдер мен халықтар арасындағы қарулы күресті айыптады. 1848 жылы Брюссельде, 1898 жылы Туринде (Италия), т.б. елдерде пацифистердің халықаралық конгрестері соғысқа тыйым салуға, жаппай қарусыздануға, елдер арасындағы дауларды аралық соттар арқылы шешуге шақырды.
Пацифизмді жақтаушылар соғыстың бейбіт іс-шаралар арқылы алдын алу мүмкіндігіне сенім артады. Олар соғысты әділетті, әділетсіз деп бөлмейді, соғыс атаулының бәріне де қарсы. Олар соғыстың шығу себептерін жоймай-ақ, оны болдырмау мүмкін деп сенеді. XX ғасырдың 80-жылдары саяси ықпалы артқан пацифистік қозғалыс халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында соғыстарға тыйым салу туралы халықаралық конгрестер өткізіп, жалпыға бірдей қарусыздану мәселелерін көтерді. Қазіргі кезде пацифистік қозғалыс көптеген елдердің сыртқы және ішкі саясатына пәрменді ықпал етуге қабілетті бұқаралық халықаралық, демократиялық қозғалысқа айналды