0 дауыс
858 көрілді
Мен Желтоқсанның 24-ші жұлдызында 16-жасқа толдым, бірақ куәлікке ертең бармақшымын... Маған неше тенге көлемінде айыппұл төлетеді? Егер менің қолымда анықтама болған жагдайда не болады?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қандай уақыт аралығында жеке бас куәлігін алуға немесе ауыстыруға болады?

16 жасқа тола салысымен барлық тиісті құжаттарды тапсырып қою кеңес етіледі.  Құжат мерзімінің өтуіне байланысты ауыстыруды құжат мерзімі өткен соң емес, оған дейін үш ай бұрын жүзеге асырған дұрыс. Бұған себеп,  Мемлекеттік қызмет стандартының "Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттарды, жеке бас куәліктерін беру" атты  7 тармағына  сәйкес төлқұжат және жеке бас куәлігі құжатты алуға өтініш берген күннен бастап 2 айдан кем емес уақытта беріледі, ал Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 377 бабының әрекеттегі редакциясы құжатсыз немесе пайдалану мерзімі асып кеткен құжатпен тіпті аздаған уақыт ішінде тұрудың өзін қарастырмайды. Қажет болған жағдайда жедел түрде рәсімдеу нұсқасына жүгінуге болады. Бұған қатысты ақпарат төменде көрсетілген.

Азамат жеке куәлікті рәсімдеуге 16  жасқа толуы бойынша ғана жүгіне алады, оған дейін құжат берілмейді. Егер азамат жеке куәлікті алуға 18 жасқа толғаннан кейін жүгінсе, одан 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл алынады және ХҚКО ол бірнеше басқа құжаттар тізімін ұсынуға міндеттенеді :

жеке басты куәландыратын құжатты уақытында алмау себептерін көрсетумен ерікті түрдегі өтініш;
тұрғылықты жерін, оқу орнын, жұмысын көрсетумен толық ақпарат;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;
туу туралы куәлік;
әскерге шақырушыларды тіркеу куәлігі немесе әскери міндеттілерге арналған әскери билет (немесе әскери есеп турады мәліметтерді растайтын құжат);
ата-аналардың бірінің жеке басын куәландыратын құжат.

Жеке бас куәлігін уақытылы алмағаны үшін жүктелетін жауапкершілік  

Жеке бас куәлігін алуға уақытылы өтініш бермеген азамат ең алдымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 377 бабының 1 бөлімінде көрсетілгендей, 5 АЕК (9260 тенге) көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылады.

Әкімшілік жазаға ұшырағаннан кейінгі бір жыл ішінде қайта жасалған осыған ұқсас құқық бұзушылық 10 АЕК(18520 тенге) көлеміндегі айыппұлмен жазаланады.

сілтеме

+1 дауыс
Қысқасы, ешқандай айыппұл төлемейсіз
+1 дауыс
Онша көп кешікпегенсің.
+1 дауыс
Мен де 1-2 аптадан кейін барғам 16 толғаннан кейін, ешкім ештене демейді да) 3х4 суретке дұрыстап түс, сол сурет 9 жыл тұрады жоғалпасан)
+1 дауыс
Менин сыныптасым алi барған жоқ. 17 ге келеді жақында. Негiзi 1-2 жетi кешiксе ештеме етпейдi ғой.
+1 дауыс
1 айдан соң барғанда да, маған штраф төлеткен жоқ.
...