Кішкентай бүлдіршіндер заман қалай өзгерсе де бала болып қалады. Сыйлық әкелетін, алыста тұратын, ақ сақалды мейірімді атанын барына, қиялы ұшқыр, жаны қызыққа құмар, көңілі пәк сәбилер кіршіксіз сенеді. Оған хат жазып, сыйлық алу үшін жыл бойы өзің тәртіпті ұстауға тырысады. Менің ойымша, бұл қай заман болса да, әр баланың балалық шағынан естелік болып қалу керек. Расымен, бұл әдемі ертегіге олардың илануы ата-анасына байланысты. Балалар балғын шағын ұмытылмастай өткеру үшін осындай таңғажайып,әдемі кейіпкерлер қажет.