+1 дауыс
3.6k көрілді
Негізі биік өкше аяқ киімдерге аса құмар емеспін. Бірақ туфли, етік алуға базарға барғанда, қызығып кетіп қалай алып қойғанымды білмей қаламын . -Ешнәрсе етпес , той шығып қалса киіп барамын ғой деп жұбатып қоямын өзімді сосын. Биік өкшелі аяқ киімдер қалай пайда болған? Қай ғасырда, осы жайлы білгім келеді.

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Биік өкшелі аяқ киімдер орта ғасырдың соңында пайда болған. Еуропада аталмыш сән үлгісі  Людовика XIV тің  билігі тұсында Парсы империясынан келген.  Ал Парсы шығанағына биік өкшелі аяқ киім кию дәстүрі Ежелгі Египеттен келген деседі. Ніл өзенінің  бойында биік өкшелі аяқ киім мүлдем басқаша рөл ойнаған. Яғни, шаруалар атыз басындағы батпақта оңай қозғалу үшін аяқ киімге өкше қадап алатын болған. Еуропада бастабында офицерлер атқа мінгендегі қолайлылығы үшін биік өкшелі аяқ киім киген болса, кейін келе әйел адамдар да кие бастаған. Тек сән мақсатында ең алғаш бұл аяқ киімді  киген әйел  франциялық  Екатерина Медичи болған (1533). Тек 18 ғасырда ғана биік өкшелі аяқ киім тек әйелдер ғана киетін сән үлгісіне айналған.
Мәліметіңізге рахмет, менің сүйікті аяқ киімдерім жайлы ақпарат алғаныма қуаныштымын)
Жауап жазғанда жауап мәтінін түгел қараламаңыз!
Негізі мен мәлімет оқу үшін кірдім! Ал жауап жазғанда біреудің жауабынан қарап көшіретіндей биік өкшенің шығу тарихы жайлы ештеме жазғаным жоқ!
Нуржамал Сактаганова, Пікірім сізге емес.
Иә, жарайды. Бірақ себебін білуге бола ма?
Мәтіннің маңызды бөлігі қаралануы керек.
Ааа~ рахмет)
0 дауыс
Откен гасырдын ортасында болар
0 дауыс
Биік өкшелі аяқ киімді б.з.д. 5 ғасырда ерлер ойлап тапқан екен, Ніл өзенінің тасқынынан кейінгі балшықта оңай жүріп тұру үшін, таймас үшін Египет шаруалары аяқ киімдеріне биік өкше салып алады екен.
0 дауыс
Мен биік өкшелі аяқ киімдердің барлығын жақсы көремін! Бірақ, киіп жүре алмаймын, аяғым ауырады))
Ендеше, несіне қызығасыз...?
Әркімнің өзінің қызығушылығы болады, біреулердің жылан жақсы көріп, ал біреулердің үйіне шыбын-шіркей, қоңыз баққанындай менде биік өкшелі аяқ киімдерді жақсы көріп жинаймын.(жаны жоқ болсада)Мен олардың әдемілігі мен пішініне тәнтімін.
Жыланды жақсы көремін.. бірақ!!! жақындауға қорқамын! Бұл қызық екен... :D))
Жылан мен Аяқ киімде үлкен айырмашылық бар.
0 дауыс
Британияда Xғасырларда !

Ұқсас сұрақтар

...