+3 дауыс
20.1k көрілді
Мен пәтерді тәлікке (посуточно) беру үшін не істеуім керек? ИП ашсам болама? Қандай заңды жолдары бар? ИП ашсам қанша қаражат керек және айына немесе жылына қанша ақша төлеп отырамын? Осы сұраққа нақты жауап күтемін.

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Бүгінгі күні өз кәсібін ашып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізгісі келетіндер өте көп. Бірақ олар алғашқы қадамды қалай және неден бастау керек екенін біле бермейді. Сондықтан жаңадан іс бастаған кәсіпкердің көпшілігі құжат мәселесіне бас ауыртпай, бірден «жеке кәсіпкерлік ашуға көмектесеміз» деген жарнамамен ақылы қызметке жүгінгенді жөн көреді.

Ал, шын мәнінде, жеке кәсіпкерлік ашудың ешқандай қиындығы жоқ. Біз айтқан әрекеттерді орындап шықсаңыз, қысқа уақытта жеке кәсіпкер атанып шыға келесіз.

Ең алдымен, Сіз өзіңіз тұратын қаланың немесе ауданның Салық басқармасының кез келген бөлімшелеріне барыңыз. 

Бұл қадамды жүзеге асыру үшін міндетті түрде төменде көрсетілген құжаттарды жинап мекен-жайыңыз бойынша Салық басқармасына өткізуіңіз қажет: 

Халыққа қызмет көрсету орталығынан мекен-жайыңыз жайлы анықтама немесе ғимараттың жалға алынғандығы жайында келісімшарт
3.5см*4.5см екі сурет
Жеке куәлігіңіздің көшірмесі
ЖК (жеке кәсіпкерліктің) мемлекеттік тіркелу куәлігін алу үшін өтініш білдіру
ЖК-ны тіркеу үшін 2 айлық есепті көрсеткіш (2*1 731тенге = 3 462 теңге) мөлшерінде төленген мемлекеттік төлемдердің төленгені туралы түбіртек 

Осы аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін үш жұмыс күнінен кейін сізге ЖК куәлігі беріледі.

мәлімет мына жерден

Пәтерді қалай дұрыс жалға беруге болады?

Егер оны Интернеттегі сұраулардың статистикасы бойынша жан-жақты талдайтын болсақ, онда «пәтерді жалға беру» сөзін  2013 жылы мамырда жүйеге кірушілер 16 157 рет пайдаланған (wordstat.yandex.ru мәліметі). Көбіне жалға алынатын үйлерді іздеу Алматы мен Астанада жиі-жиі кездеседі. Бірақ, басқа қалалар бойынша сұраулар да жетіп артылады.

Пәтер қожайыны өзінің жылжымайтын мүлкін жалға беруді қолға алып, ойлана бастағанда, ол бұл бизнесті жүргізудің көптеген тәртіптерін біле бермейді, оған ынтасы да болмайды. Мысалы, талапкерлер клиентті өз пәтеріне тіркеу үшін ЖК негізінде тіркелу керек, керек еместігін жиі сұрайды.  Сонымен қатар көпшілік әлі күнге жалға беру шартын құру сенімді түрде міндетті емес деп санайды. Әрине, онсыз да болады, бірақ, бұдан сіз не жоғалтатыныңызды білуіңіз қажет.

толығырақ

 

0 дауыс
Салық органына барып тіркелесің. Олар саған куәлік береді. Болды.
0 дауыс

“Өз кәсібімді ашамын” деп, бір тоқтамға келгеннен кейін, көпшілігі “ЖК ашқан дұрыс па, әлде ЖШС ашуым керек пе?” деп ойланып жатады. Осыған қатысты халыққа қызмет көрсету орталығының, салық басқармасы кеңесшісінің, сондай-ақ бухгалтердің кеңесіне жүгіндік.

Жеке кәсіпкерлік өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады. Артықшылығы:

  • Тегін әрі жылдам тіркеуге болады (шамамен 20 минутта жеке кәсіпкерлігіңізді аша аласыз).
  • Мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды. Декларацияны (кәсібіңіздің есебін) жылына екі рет қана тапсырасыз.
  • Тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.

2

Жеке кәсіпкерлікті қалай ашамын?

Жеке кәсіпкерлікті халыққа қызмет ету орталығынан немесе үйіңізде отырып-ақ egov.kz порталынан, сондай-ақ elisence.kz сайты арқылы аша аласыз.

  • Тіркелу үшін өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болса жеткілікті. 

Құжаттар тапсырылғаннан кейін, салық басқармасынан жеке кәсіпкерлікті растайтын талон мен хабарлама беріледі. Сонымен, сіз жеке кәсіпкерліктің иесі болып шыға келесіз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...