0 дауыс
3.5k көрілді
«Астана ЭКСПО-2017» бізге не береді? Оны өткізуден не мақсат көзделген?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ЭКСПО + Қысқы Олимпиада меніңше кризис әкеледі. Не дегенмен тәуекел...
0 дауыс

«Астанада бүкіләлемдік көрме өтетін болды» деп дүрлігіп жатырмыз. Бірақ, ЭКСПО деген не? Мақсаты мен мұраты нешік? Ауқымы қандай? Оның бізге берері бар ма? Осындай ауқымды шараны өткізу қолымыздан келе ме?.. Біз бүгін «Ақ желкеннің» оқырмандарына бүкіләлемдік көрме туралы біршама мәлімет бергенді жөн көрдік.

Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. «Уикипедияда» жарияланған соңғы мәліметке сүйенсек: «Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған». Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы.

Тендерді ұтуын ұтып алдық, ендігісі соны абыроймен өткізу. Бұл қомақты қаржыны ғана емес, кәсіби біліктілік пен үлкен қажырлылықты да талап ететін шара. Бізбен бәсекелес болған Льежде бүкіләлемдік көрме екі рет – 1905, 1930 жылдары өткізілген. Әйгілі Гайд паркте алғаш көрменің шымылдығын ашқан Лондон араға он бір жыл салып, екінші рет өткізіп үлгерген. Америка Құрама Штаттарының әр қаласында бұл көрме жиырма рет өтсе, бір ғана Париждің өзі сегіз рет бүкіләлемдік көрме қонақтарына қызмет көрсеткен. Брюссельде төрт рет өткен. Айтпақшы, Парижде 1889 жылы Эйфель мұнарасы, ал 1908 жылы Амурдан өтетін көпір салынған екен. Амбициясы жоғары Астананың да өз мұнарасы салынуы бек мүмкін.

Ұтуын ұтып алдық. Ендігі міндет – абыроймен атқару. ЭКСПО деген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммиті немесе Азиада емес. Оның ауқымы да үлкен, жүктейтін міндеті де ауыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арасында біздің бұл жеңісімізді «жас мемлекеттің жеңісі» деп емес, «мұнайдың жеңісі» деп қабылдағандар да болды. Парижде өткен Халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында өткен дауыс беру рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барып қатысуын сан-саққа жүгірткендер де жетерлік. Біздің міндет – соның барлығын жоққа шығарып, бүкіләлемдік көрмені өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізу. Қазақстан үшін дауыс берген 103 елдің үмітін ақтау (Бельгияға 44 мемлекет дауыс берсе, 1 мемлекет қалыс қалған).

Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп қатысады деген болжам жасап отыр.

Сіз не дейсіз?

Едіге Алпысбай, қаржы саласының маманы:

ТЕТІГІН ТАБА БІЛСЕК, ТИІМДІ ЕКЕНІ ДАУСЫЗ

ЭКСПО-2017 – біз үшін үлкен мүмкіндік. Ел іші болғаннан кейін түрлі пікірдің айтылуы, соның ішінде сыни пікірлердің болуы заңдылық. Бірақ, менің пікірім мынадай: ақыры қадам жасалған екен, жеңіп алған екенбіз, енді оны «қажет емес, ақша босқа шашылатын болды, оның бізге не керегі бар» деп кері тарта бермей, ел болып жұмыла дайындалып, бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек. Себебі, Алла жеткізсе, бұл шара қайткен күнде де болады, шегінерге жол жоқ. Ал, оның қаншалықты пайдалы өтуі, халыққа қаншалықты пайдалы болуы осы бастан халықтың дайындығына байланысты деп сенем.

Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын деп ойламай, инвестиция ретінде қарауымыз керек деп есептеймін. Әлемдік тәжірибе мен болжамдар бойынша, мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні айтылады. Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп, әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллардан тастап кеткен күннің өзінде де, үш миллиард долларлық кіріс деген сөз. Кететін шығынды ақтау үшін, демек, осыдан кем болмауы тиіс. Ал, келетін турист саны мен орташа туристің «тастап кететін» ақша мөлшерін бірнеше есеге арттырсақ, несі жаман болсын? Әрине, айтуға оңай, бұл тек құрғақ есеп. Бірақ, осы есепті еселеп жүзеге асыруға болмайды емес, болады. Ол үшін бұл шараны тек үкіметтік ұйымдар ғана емес, бүкіл халық, кәсіпкерлер дұрыс қабылдап, тиісті түрде дайындалуы керек.

Меніңше, бұл ірі халықаралық шараны дұрыс қолданған жағдайда мынадай пайдасы тиеді:

Шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда табады;

Шағын және орта кәсіпкерлер инфрақұрылым дайындау, ғимараттар құрылысы кезінде пайда таба алады;

Қала көркейе түседі;

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға болады: біздің тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсынуға болады, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастыруға болады, т.б.

Ол үшін үлкен дайындық жұмысы қажет. Халықтың үлесі қажет. Мысалы, меніңше, әрбір қазақстандық шамасы келгенше осы шараны насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға өз үлесін тигізсе, одан бәріміз ұтамыз. Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы айтуға болады. Мысалы, біз шетелмен жұмыс істейтін компания ретінде, шетелдік әріптестерімізге, таныстарымызға сөз ете жүреміз. Уақыт жақындағанда, тіпті барлық корпоративтік хаттарымызға, фирмалық бланктерімізге, визиткаларымызға ЭКСПО-ның логотипін орнатып қоюды жоспарлап отырмыз. Мұндай тәжірибені көптеген елдерден көргеніміз бар. Одан қалса, сол жылға ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық жиындарды көбірек жоспарлауға болады. Әйтеуір, жеке тұлға ретінде де, кәсіпорындар ретінде де жан-жақты үлес қоссақ, одан ешкім ұтылмайды, қайта ұтады деп сенем. Тіпті, қаржы саласында істейтін маман ретіндегі ойым, арнайы осы шараға қатысты жобалар мен өндірістерді қаржыландыратын арнайы қаржылық өнімдер мен құралдар жасақтауға да болатын шығар. Сол арқылы сапалы, жақсы бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туар.

Жандос Байділда, журналист:

КӨРМЕДЕН КЕЙІН НЕ ІСТЕЙМІЗ?..

«ЭКСПО-2017»-ні ұттық. Бірақ, оның не екендігін нақты түсіндіріп берген ешкім жоқ. Біреулер Еуропа чемпионаты деп жүр. Бұл, біріншіден, халықаралық көрме. Мұнда тек Қазақстанның мәдениеті мен өнімі ұсынылмайды. ЭКСПО -ға мүше барлық елдер (160 мемлекет) тақырыпқа сай өз өнімдерін тарту етеді.

Көрмені өткізу үшін Қазақстан ғана таласып отырған жоқ. Демек, оның пайдасы да бар. Ешкім беталды шығындалғысы келмейді. Зәулім ғимараттар тұрғызуға, қаланы безендіруге халықаралық комитет қомақты қаржы құяды. Бірақ, Қазақстан да біраз шығындалатынын айта кеткен жөн.

ЭКСПО -ның пайдасы, қаланың имиджін көтеріп, болашақта туристерді тартуға болады. Алайда, Астананың аязы, қатал табиғаты, қаланың ауқымы, көпшілікті таңдай қақтырар орындары ЭКСПО өткізу арқылы туристерді жинайды дей аламыз ба, мәселе сонда.

ЭКСПО-ны өткізу пайдалы, бірақ оны қай қаламызда өткізген жөн, сол турасында ойландық па? Егер Алматыда өткізейік десе, 2017 жылғы Универсиаданы құрбандыққа шалуға тура келеді. Ал шынтуайтында, халықаралық шаралардың ішінен спорттық жарыстар өткізгеннен артық пайда жоқ. Жоқ дегенде, спорт ғимараттары халықтың кәдесіне жарайды. Мысалы, Азиадаға салынған нысандар қазір қаншалықты қажетімізге жарап жатқанын көріп жүрміз. Тіпті, сол нысандар арқылы Олимпиадаға құда түсуге болады.

Ал, ЭКСПО-дан қалған нысандарды қайтпекпіз? Баспасөз мәжілісін өткіземіз бе? Әлде, санаулы қылқалам шеберлерінің полотноларын қойып, суреттерін іліп пайда табамыз ба? Міне, осы жағын да мықтап ойлауымыз керек.

Жалпы, халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін мол қаражат емес, үлкен мәдениет керек екенін естен шығармаған жөн.

Серік Мұратхан, техника саласының маманы:

ШАНХАЙ МЕН ПАРИЖДЕЙ БОЛА АЛМАСПЫЗ, ДЕГЕНМЕН…

ЭКСПО ЕҚЫҰ саммиті сияқты таза саяси пиар жоба емес, бұл науқанның Қазақстанға берері көп.

Біріншіден, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағамдаймыз.

Екіншіден, ЭКСПО барысында Қазақстан тарапынан және шетел тарапынан зерттеу орталықтары, сондай-ақ шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді.

Үшіншіден, шараны ұйымдастыру барысында көптеген жаңа ұйымдастыру, басқару, үйлестіру әдістерін үйреніп қана қоймай, 3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға, сол арқылы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік туады.

Төртіншіден, бұл шараға Қазақстан үкіметі жариялағандай 5 миллион адам келмесе де, көрме өтетін Астана қаласының тұрғындары мен әдеттегі қонақтарынан әлденеше есе артық адам келетіні анық. Бұл сол қысқа мерзімде еліміздегі жеке кәсіп саласына, қонақ үй, тамақтану сияқты қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге пайда әкеледі.

Бесіншіден, көрмеге келетін қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басын бұрары сөзсіз. Кейін Қазақстанның жарнамасын жасайды, бұл туризм саласы үшін маңызды рөл атқарады.

Алтыншыдан, шара 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе.

Өз басым осындай алты артықшылықты көріп тұрмын. Енді тек даңғаза-шуға айналдырмай, өз мәнінде, ысырапшылдыққа бой алдырмай, тойға айналдырмай, әр қадамды есеппен басса, бізге әкелер пайдасы көп шара.

Тағы бір айта кетерлігі, шараның бет-беделін көтеріміз деп, әйгілі адамдарды, бұрынғы мемлекет басшыларын, әртістерді, сондай-ақ, басқа да ресми қонақ санын көбейтіп, оларға тегін жатын орын, ішіп-жем дайындап шабылудың қажеті жоқ. Ондай арзан атақпен бүкіләлемдік көрменің мәртебесін көтере алмаймыз. ЭКСПО мәртебесі жаңа жобалар, жаңа технологиялар, жаңа өндіріс өнімдері, жаңа іскерлік байланыстардың санымен және сапасымен өлшенеді. Әрине, 16 миллион ғана халқы бар елде, 700 мың ғана адам тұратын қалада, жәрмеңкеге салар жаңа технологиясы мен технология арқылы шығаратын өндіріс пен өнімі аз елде бәрібір Шанхай немесе Париж қалаларындағыдай қызғынды болмауы мүмкін. Алайда, біз өз деңгейімізде сәтті өткізе аламыз деп сенемін.

Тақырыпқа тұздық

Сарбас АҚТАЕВ, жазушы:

EXPO жөнінде алғаш жазған осы Ілекең болатын. Мұны екінің бірі түсіне бермейді ғой негізі. Бұл бес аспап, жан-жақты көрме. Мұнда экономиканың өрлеуі де, мәдениеттің мәуелегіне де, өнердің гүлденуі де көрсетілуі керек. Жалпы әр елдің жеткен жетістігі, елге жайып салар несі бар екенін сол көрмеде көрсетілсе… Ілекеңді еске алып отырған себебім, Монреальда болған көрмеге делегация мүшесі болып, Қазақстанның өнер қайраткерлерін бастап барған. Ол кезде Кеңес өкіметінің бүкіл әлемді аузына қаратып тұрған кезі. Сонда ең үлкен павильон Кеңес одағынікі болған. Сонда Кеңес одағы павильонының көрнекті бетке ұстар филиалы біздің Қазақстанның павильоны болған екен. Қазақстанның сенімнен шықпайтыны жоқ, өндірісі сан-салалы. Кен қазуы да, кенді өңдеуі де, астық өндіруі мен мал шаруашылығы өз алдына, өнер шығармалары, әсіресе қазақтың қол өнерлері көрсетілген. Сонда қазақтың ою-өрнектері, түс киізі, текеметі, тоқыған кілемі, жасаған ер-тұрманы, барлығы қойылған. Сонда бір текеметті 6 мың долларға, бір түскиізді 20 мың долларға сатып алған екен. Сонда Ілекең: «Біздің ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы қол өнерімізді өндірістік негізге салып дамытсақ, ұтар едік», – деген. Мен Ілекеңді еске алғанда ертең өзіміздің де павильонымыз болады, сонда ұлтымыздың өзіне ғана тән айшықты дүниелері көрініс таба алар ма? Ол көрініс табу үшін осы бастан ұлттық қол өнерімізді қолға алсақ абырой болар еді деген ойым бар.

EXPO жөнінде әртүрлі пікірлер қылаң беріп жатыр. Біреу: «Осының керегі жоқ, шаш етектен шығынға батамыз» дейді. Енді біреу бөркін аспанға атып қуанады. Ал шынында да бұл еліміздің абыройын асқақтататын дүниенің бірі. Әлемдегі 160 мемлекеттің ішінен 120-сы бізге дауыс беріп, Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз, оған әрбір қазақ қуануы керек. Әйткенмен сол қуанышқа әзірлік жасауымыз керек қой.

Көрмені ұйымдастырғаннан ұтылмаймыз ғой деп ойлаймын. Біз тіпті өзімізге еш етенелігі де жоқ Еуропа елдерін жинап алып, саммитті де өткіздік емес пе? Ал мына көрме, тым құрығанда, алпыс ел өзінің павильонын орнатып, қонақ үйін жасап, барлық дүниелерін алып келеді. Солардың бәрін көшіріп әкетпейді ғой. Өзімізде қалады. Менің ойымша, бұған шыққан әрбір теңгеміз, кемінде 3 есе пайда береді. Сондықтан бұдан ат тонымызды ала қашпай, ат салысуымыз керек сияқты. Біздің қаламгерлер қауым әр тараптағы ойда. ЕҚЫҰ саммитін қалай насихаттасақ, мұның да насихаты солай болу керек. Қоғамдық ұйымдарға да, мемлекеттік мекемелерге де атқарар жұмыс көп. Қаржы деген болады, бірақ ол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, бір арнаға бағынатындай болып, жанашырлықпен жұмыс жүргізуіміз керек.

Шанхай дегеннен шығады, Қытайдың бұл қаласында бүкіләлемдік көрме 2010 жылы өтті. 1 мамырда басталып, 31 қазанда аяқталды. Көрмеде болашақтың қаласын қалыптастыру туралы сөз болды, қылмысты азайту және қоршаған ортаның ластануын шектеудің шешімі айтылды.

Шанхайдағы көрме 5,28 км² аумақты алып жатты. Оны үш ай ішінде 73 миллион адам тамашалаған екен. «Уикидегі» мәліметтерге қарағанда, көрмені ұйымдастырушылар 12 миллиард доллар пайда көрген. Орта бизнестің табысы шамамен жиырма пайызға артқан. Шанхайдағы шараға барлығы 192 мемлекет пен 50-ге жуық ұйым қатысқан. Күн сайын жүздеген мәдени және ойын-сауық шаралары өтіп тұрған. ЭКСПО-2010 қатысушылардың саны жөнінен, көрме қонақтары мен экспозициялардың аумағы жөнінен рекорд жасаған.

мәлімет http://zhasorken.kz/?p=4266

0 дауыс
http://alashainasy.kz/economica/ekspo-bzge-ne-bered-56301/ осыны оқып көр.
0 дауыс
Қазақтардың ЭКСПО- сы, Өзбектерді байытады.)))

ЭКСПО деп қазақтар ақшаны желге  шашады.(((

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...