+2 дауыс
467 көрілді
Мен қазақтың ұлттық оюының жаңа үлгілерін сызумен айналысамын, бұл да болса бір өнерім. Соңғы кезде мазалап жүрген бір ойым бар, идея десем де болар. Шет елге жарыс-сайыстарға барған ұлттық құрамамыздағы спортшыларымыздың үстіндегі спорттық киімінде ҚАЗАҚСТАН, KAZAKHSTAN деген жазуды көріп қуанамын, әрине, бірақ неге сол жазуды жәй шрифтпен емес, ұлттық нақышпен оюлап жазбасқа? - деген ойға келдім. Сондықтан іске кірісіп те кеттім, біраз уақыттан соң керекті әріптердің ұлттық нақыштағы үлгілерін де ойлап таптым. Ал енді бауырлар, бұған қызығушылық болады ма, қолдау табамын ба?
Керемет идея!!!                                        .

7 жауап

+1 дауыс
Болса үлгісінің суретін салсаңыз жақсы  болар еді. Мың рет естігеннен бір рет көрген артық.Жалпы патриоттық рухыңызға тәнтімін, ойларыңыз өте тамаша.Меніңше, қызығушылық бар жерде қолдау да болады.
0 дауыс
Шынайы өнеріңіз болса - қолдайтындар табылады. Мүмкін болса жазуыңызды суретпен жіберсеңіз деймін.
0 дауыс
Өнеріңіз бар сияқты. Сол себепті алда қойған мақсатыңыздан таймаң. Егер жұмыс болмаса менің есімімді солай жазып берсеңіз? Шыңғыс. Алдағы істеріңізде сәттілік.
0 дауыс
Тапсырыс беріп қалуым мүмкін. Қолдаушылардың бірімін) ТАлабыңызға нұр жаусын!
+1 дауыс
Ассалаумағалейкүм! Жауап беріп, пікір білдіргендеріңіз үшін рахмет! Бір қарағанда жәй сұрақ көрінгенмен, ұлттық ою-өрнек жөніндегі сұрақ екеніне мән беріп, ой-пікір білдіргендеріңіздің өзі қазақтың патриот азаматтары екендеріңіздің белгісі деп ойлаймын. Бұл әрине қуантады! Ал ою туралы жазсам, мен жаңа қолданушы болғандықтан, осында бір әріптің болса да, оюланған үлгісін қайтіп жүктерімді білмей отырмын. Және бір жаза кететін жайт - авторлық правома не болмақ?
Бұл жерде көрсетіп қажет емес, авторлық құқығыңыз сақталуы екі талай...
Авторлық құқығыңызды алған соң тапсырыс алуға хабарласыңыз! Міндетті түрде!
0 дауыс
Менде сол іспен айналысамын. Авторлық құқықты қаңтар айының 10-ында аламын.
0 дауыс
Авторлық құқықты қалай және қай жерден алуыма болады? Оған қанша уақыт, қанша қаражат қажет, кім жауап бере алады? Алдын-ала рахмет!
...