+1 дауыс
16.9k көрілді
Сіріңке қалай пайда болғанын білесіз бе? Оның пайда болғаны өмірімізді қаншама жеңілдетті?
Массагет сайтындағы сұрақты қоя бермеш, суреттен біліп аламын.
Енді қойылса ескертусіз жасырылады.
Жай ғана өздеріңіздің пікірлеріңізді білейін дегем. Неліктен пікірлеріңіз соншалы саяз?
Белгісіз
Біліп тұрып сұрақ қойып тұрған сенікі саяз.
Айып етпессіз.. сайтымыз сізге пікірталас алаңы емес!
Білеміз.Пікір қалдырумау керекпе? Онда Админге пікір қалдыру мүмкіншілігін ал деп айт, онда.
Жарайды бұл жерде мен айыпты екенмін. Кешіресіздер..!
Белгісіз

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Оны білу сіздің 5-ақ минутыңызды алады.

+1 дауыс

Сіріңке қалай пайда болды?

Күкіртке жанамалау арқылы оттыққа ие болатын сіріңкені ХІХ ғасырдың басында ағылшын өнертапқышы Джон Уолкер ойлап тапқан. Бір қызығы, бұл кездейсоқ болған жағдай еді.

Басында Джон хирургтің көмекшісі болып қызмет етеді. Сосын ол химия саласына қызығушылық таныта бастайды. Оны ойландырған негізгі сұрақтардың бірі "отты алудың жолдарын табу" болды.

Бір күні ол сульфид пен сүрменің қоспасымен эксперимент жүргізуді жоспарлайды. Сосын ол қоспаны араластырып жатқан таяғын ойда-жоқта, қабырғаға жанап жібереді. Таяқтағы қоспаның қалдығы жанып кетеді. Міне, осылай сіріңке зертханада ойлап табылған екен.

Джон белгілі ағылшын өнертапқышы Уильям Конгривтің құрметіне сіріңкеге "Конгрив" деген атау береді. Сондай-ақ, сіріңкені жасаумен кез келген адамның айналысуы үшін, ол өз жаңалығын патенттеуден бас тартады. Ал патенттеу идеясын оған атышулы физик Майкл Фарадей айтқан екен.

Джон екі жыл ішінде өзі жасаған сіріңкенің 250 қорабын сатуға қол жеткізеді. Дегенмен, Уолкер жаңалық ашып, танымал да, бай да болған емес. Оның аты өмірден озғаннан кейін белгілі бола бастаған.

сілтеме

Бірі мәссәгеттен көшіріп сұрақ қойса.. екіншісі содан көшіріп жауап береді. Біріккен сыбайлас екілік. Банкінің ауылы алыс емес.
ұста https://surak.baribar.kz/527593/
0 дауыс
Сіріңкені XIX ғасырдың басында ағылшын өнертапқышы Джон Уолкердің ойлап тапқандығын біреу білсе, біреу білмес. Бір қызығы әуел басында Джон дәрігер болып жұмыс істеген. Кейіннен химия саласына қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрған. Отты алудың жолдарын табу оны көп ойландырған. Күндердің күнінде ол сульфид пен сүрменің қоспасымен тәжірибе жасауды ұйғарады. Қоспаны араластырып жатып, Джон қолындағы таяғын абайсызда қабырғаға жанып жібергенде таяқтағы қоспа қалдығы жанып кетеді. Осылайша сіріңке зертханада ойлап табылған екен. Ол танымал ағылшын өнертапқышы Уильям Конгривтің құрметіне сіріңкеге «Конгрив» деген атау береді. Және ол аз ғана уақыт ішінде өзі жасаған сіріңкенің қорабын сатуға қол жеткізеді. Дегенмен, сіріңкені ойлап тапқан Уолкер танымал тұлға да, бай да бола алмайды. Оның есімі өзі өлгеннен кейін ғана ауызға алынып, белгілі бола бастайды.
0 дауыс
Сіріңке ол күкірт пен ағаштан пайда болды.
0 дауыс
Сіріңке– бір жақ ұшына оңай жанатын қоспа жағылған жіңішке ағаш таяқша (шырпы). Сіріңке қорабына жағылатын қоспа құрамында қызыл фосфор, күкіртті сүрме, темір жосасы, пиролюзит, тері желімі, бор, декстрин және гуммитрагант болады.[1] Шығу тарихы[өңдеу] Сіріңкені XIX ғасырдың басында ағылшын өнертапқышы Джон Уолкердің ойлап тапқандығын біреу білсе, біреу білмес. Бір қызығы әуел басында Джон дәрігер болып жұмыс істеген. Кейіннен химия саласына қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрған. Отты алудың жолдарын табу оны көп ойландырған. Күндердің күнінде ол сульфид пен сүрменің қоспасымен тәжірибе жасауды ұйғарады. Қоспаны араластырып жатып, Джон қолындағы таяғын абайсызда қабырғаға жанып жібергенде таяқтағы қоспа қалдығы жанып кетеді. Осылайша сіріңке зертханада ойлап табылған екен. Ол танымал ағылшын өнертапқышы Уильям Конгривтің құрметіне сіріңкеге «Конгрив» деген атау береді. Және ол аз ғана уақыт ішінде өзі жасаған сіріңкенің қорабын сатуға қол жеткізеді. Дегенмен, сіріңкені ойлап тапқан Уолкер танымал тұлға да, бай да бола алмайды. Оның есімі өзі өлгеннен кейін ғана ауызға алынып, белгілі бола бастайды. Иә, сіріңкенің арқасында отты оңай жағамыз
0 дауыс
қай ағаштанн жасайды сонда?
0 дауыс
Қандай ағаштан жасайды аты не
0 дауыс
Көктеректен жасалады!!
...