+4 дауыс
436 көрілді

Кейде қойылған сұрақтарға "Енді неғыл деп тұрсың?", "Не дейді мынау?", "Осындай да сұрақ бола ма?", "Гуглден іздемейсің бе!", "Басты қатырма!"  деген жауаптар жазылып жатады. Егер сұраққа жауап беруге зауқы соқпаса оған не үшін осындай жауаптар жазады? Пікір алмасу жақсы ғой, дей тұрғанмен мәнсіз дауға, құр айтысқа құрылған пікірлердің бізге берері бар ма? Бұл сайттағы қолданушылар көп болғанымен, күнделікті, жиі-жиі кіріп тұратын адамдардың саны соншалықты көп емес қой. Өзара сыйластықпен сұрақ қойып, жауап алысу соншалықты қиын ба? Сайттағы әдеп-иба қағидалары өз деңгейінде сақталып отыр ма? Көңіліңіз тола ма?

                                                         ♡ Жүрейік жүрек ауыртпай ♡

12 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл сайт алғаш ашылғанда сайттың алғашқы қолданушылары ересек адамдар еді көбіне. Бір-бірімен сыпайы келетін. Ол кезде сайт Админнің дипломдық жобасы ретінде ғана болатын ))) Сайттың ережесі онша жетілмеген еді. Қызық, мен ол кезде ответы.майл.ру-ға кіріп жүретін едім , бұл сайтты білмейтін едім...

Ответы.майл.ру-дай қазақша сайт болса ғой деп ойлайтынмын.

Сөйтіп СЖ сайты ашылғаннан кейін 5 айдан кейін көріп ең алғашқы сұрағымды қойдым.

Кейін сайтқа оқушылар көп кіре бастады, себебі үй тапсырмаларын сұрауға қолайлы орта боп шықты.

Міне, сол кезде бұрынғы ересек қолданушылар мен оқушы қолданушылардың сұрақ-жауаптары ерекшелене бастады.

Интернетті жақсы білетіндері google-ды пайдаланып-ақ қалаған нәрсеңді табуға болатынын білсе, басқа қолданушылардың осындай қарапайым нәрсені қалай білмейтіндігіне ашуланып сөздер жазады...

Көбіне бұл сайтқа уақыт өткізу үшін кіретіндер бар сайтқа. Ашуын осында тарқатып, мұңын осы жерге жазуы да мүмкін ))))  Мен де сайтқа уақытымды өткізу үшін ғана кірем. Ал кейбіреулер шын көмек сұрайды.  Иа, ондай қолданушыларға сыпайы жазған дұрыс.

Негізі , мәдениеттілік сақтағанымыз дұрыс дегім келген, көп жазып кеттім )))
+2 дауыс
Көңілім қатты толмайды, әдеп-ибасына. Себебі мен ылғи ескерту беріп,беріп бәріне жаман адам болдым. Гугл көкеңнен ізде деген жауаптар да бар. Мен ондай жауаптарға - спам басып отырамын. Қатты кетіп қалатын жерлеріміз де болады. Әдеп-иба біраз қарыныңды аштырады.
Орынбасар, сен керек емес жерде ескерту бересің. Дұрысты бұрыс дейсің. Ондай ескерту керек емес.
+2 дауыс
Мен сияқты әдептi болсаңдаршы )
Мінікей, қуған жауап.
+1 дауыс
Шынымды айтсам, мен де керемет әдептілік сақтаймын деп айта алмаймын. Сұрақ қойсаң, сұрақтың мазмұнына қатысты мазақ етеді, бір түрлі пікірлер жазады әсіресе жасы кішкентай қолданушылар. Кейде ашуың келіп қатты кетесің сосын. Менің көңілім толмайды сыпайылыққа... Кейбіреулер танымаса да СЕН деп сөйлейді. Дауласса да, ұрысса да сыйпайылық сақтаса жақсы болар еді қолданушылар!!!
–1 дауыс
Менің жыным келіп кетсе айтып жатамын, айып етпессіздер.Бірақта басқа қолданушылар туралы ештеңе айта алмаймын, тек жаңа тіркелгендер ғана сөйтіп айтып жатады.
0 дауыс
Кейбір қолданушылардан көңілім қалған..! Сайытымызда орынсыз сөйлейтін қолданушылар азайса қане еді. Олардың қарасы басқаларға ұрмастан.
–1 дауыс
Ондай жауаптарды көріп жатырсам өшіріп тастауға тырысам, қайталаса ескерту берем, шектен шығып бара жатырса құлыптап тастаймын (әрине бәрін бірдей көре бермеймін ғой)

Сосын, ондайларды көріп жатырсаңыздар админге, модераторларға хабарлап тұрсаңыздар екен
0 дауыс
Бәрі нармалны, өз деңгейінде мен үшін)) Қандай сұрақ болса солай жауап беремін, осы сұраққа да енді неғыл дейсін деп жауап бергім келіп кеткен)) Осындай болмайтын нәрсе жаза бермендерш)) как буд то көңіліміз толып или толмағанда бірдене өзгеретіндей))
Биологияның басы жасайд осы. Риза болам.
Неғыл дейсің дейсіз бе? Сұрақтың соңында екі жүректің ортасындағы сөз... Соны қыл деймін))
басты қатырма!)
Иә... айтсаңыз болды ғой((
0 дауыс
"Басты қатырма!" деп жүрген ако ма? Роботқой ол көңіліңе алма )
Айттым саған менің сөздерімді ұрқсатсыз қолданба деп
Қолданып жүргем жоқ)
+1 дауыс

Бұл сайтта мен сияқты ересек адамдар аз шығар деп ойлаймын )) Сондықтан көбіне "сен" деп жазамын. Оған ешкім ренжімейтін шығар деп ойлаймын 

0 дауыс
Сұрағына қарай жауабы сұрақ қуып кеткен болса жауабы да қуып кеткен.
+1 дауыс
Мен сыпайылықты енді үйреніп жүрмін :)
...