+1 дауыс
562 көрілді
Сонда басқа адамның машинасын айдау үшін тек қана көлік жүргізуге арналған куәлік болу керек па? Нур.кз сайтында доверенность алып тастапты депті, бірақ толық түсінікті етіп жазбапты.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Иә алынып тасталыныпты жақсы жаңалық))

Қазақстанда көлікті белгіленбеген жерлерге қоюға салынған тыйым алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

 

24 желтоқсандағы жаңа құжатқа сәйкес, "Жол қозғалысы туралы" заңда "Механикалық көлік құралының меншік иесі мен жүргізушісінің құқықтары мен міндеттері" деген 54-бапқа өзгерістер енгізілді. Нақтылап айтсақ, 22-тараушадан жолдарда және елді мекендегі көшелерде көлік қоюға болмайтыны жайлы айтылған сөйлем алынып тасталды.

 

Осыған дейін жол бойында көлік қоюға салынған тыйым қоғамда қызу пікірталас тудырған еді. Түрлі сарапшылар, заңгерлер және қоғамдық ұйым өкілдері жаңа "Жол қозғалысы туралы" заңның қалаларда жол инфрақұрылымның, яғни көлік қоюға рұқсат беретін жол белгілерінің жоқтығын айтып, қолданылмайтынын мәлімдеген еді. Полиция өкілдері болса жол белгілерін жеткілікті түрде орнату қала әкімдіктерінің жұмысы екенін айтты.

 

Айта кетейік, арнайы белгіленбеген жерлерде көлік қоюға салынған тыйымның алынып тасталуы - енгізілген жалғыз өзгеріс емес. Осыған дейін "Жол қозғалысы туралы" заңнан автомобильді жүргізуге сенімхаттың да міндетті құжаттар тізімінен алынып тасталғаны хабарланған еді. Мұнымен қатар, міндетті техникалық байқаудан өтуге байланысты өзгерістер болды. Оның алдында автокөлік жүргізушілері көлігінің шыққан жылы төрт жылдан аспаса ғана техникалық байқаудан босатылса, жаңа өзгерістерге сәйкес, бұл мерзім жеті жылға дейін ұзарды.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/alash/kazakstanda-kolkt-jol-boyyina-koyuga-salyingan-tyiyyim-alyip-tastaldyi-60149/

және

http://kolesa.kz/content/news/2014/12/otmena-doverennostey-kak-novogodniy-podarok-otnbspvlastey/

Мысалы мен ағамның машинасын айдағым келсе менде тек права болса жеткілікті ма? Страховка ше?
...