+1 дауыс
1.9k көрілді
Неге Абай адамның ақылын суық мұзға теңейді?

3 жауап

+3 дауыс

Абайдың  "Әуелде бір суық мұз ақыл зерек" өлеңі он жетінші қара сөзбен мағыналас, мазмұндас болып келеді. Сіздің сұрағыңызға жауап ретінде менде екі нұсқа бар. Бірінші, өлең  "Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек"-деп басталады. Менің ойымша, адамның бойындағы ақыл мен жүрек, ыстық пен суық сияқты қарама-қарсы ұғымдар, сондықтан бірін-бірі толықтырып, тепе-теңдік сақтап отырады. Екінші, қара сөзінде ақыл туралы: "Сенсіз ешнәрсе   табылмайтұғыны   да   рас.   Жаратқан   тәңіріні   де   сен   танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман" делінген. Ақыл мұз сияқты қатты күйде болғанымен, ерісе суға айналады. Яғни, мұздың құбылмалы сипатын ақылдың екі жақты көрінісіне теңеген. Бірақ бұл ешқандай нақты жауап емес, ешқандай әдеби, ғылыми негізі жоқ. Тек менің ойым. Соны ескеруіңізді сұраймын.

 

+2 дауыс
Жүректі ыстық дейді ғой. Ақыл болса жүрек сияқты албырт емес, байсалды. Сондықтан мұзға теңеген шығар.
–1 дауыс
Себеби адамдар оз акылдарын дурыс пайдалана алмайды
...