+2 дауыс
683 көрілді
Саясаттанушы Досым Сәтпаев «Қытай немесе Ресейдің бірінің ықпалының күшеюі – айдаһар және аюмен бір торда өмір сүргенмен бірдей. Егер Қазақстан Ресей ықпалында ғана қалса, біз құримыз» дейді.  Егер Ресеймен тіл табысып, Ресей жобаларына қатыссаң, бәрі жақсы болады. Ал егер Украина сияқты басқа жолға түскің келсе, жазаға ұшырайсың. Қалай ойлайсыздар, Қазақстан Ресей ықпалынан шыға ала ма? Шығуы керек пе?

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Біз Қытай мен Ресейге тәуелді емеспіз. Тәуелдіміз деп кесіп айтпас бұрын осы сөздің мағынасын түсінсек. Қазақстанның өзінің әлем картасында тайға таңба басқандай жері, көк байрағы, елтаңбасы, әнұраны,мемлекеттік тілі бар. Бұл егемендіктің негізгі белгілері емес па?! Біздің отаршылдық бұғауынан босағанымызға небәрі 23 жыл болды. Осы азғана жыл ішінде Қазақстан қарыштап дамып, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік тұрақтылығын сақтап, дамушы ел қатарына қосылды. Осы күнге дейінгі жетістіктерімізді тізіп жазып жатпай-ақ қояйын. Ары қарай күшею үшін бізге көрші елдердің көмегі, қолдауы қажет. Ал осы орайда Қытай мен Ресей таптырмас серіктес емес па?! Бізде олармен тығыз экономикалық қарым- қатынас. Ия, бізде аса мықты өнеркәсіп орындары жоқ, бірақ ол істер қолға алынып жатыр емес па?! Бұйырса, ол істе жөнге қойылар. Неге біз қара аспанды төндіріп өзімізді кемсіте береміз, өзімізді көтеріп ,Қазақстанның дамуына үлес қоспаймыз ба?! Және қазақ елі бодандықтан құтылам дегенше , талай қиындықтарды басынан өткерді емес па?! Бұл 200 жылдан астам уақытқа созылған үрдіс еді. Ал осындай "тар жол, тайғақ кешумен" келген тәуелсіздікті айтудан неге жасқануымыз керек, біз Тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз және Тәуелсіз Қазақстанды мақтан тұтамыз.
Соның ішінде орыс тілі мелекеттік тіл сияқты ғой камераны көрсетсе болды орысша сайрап кетеді
Орыс тілі мемлекеттік тіл емес, ол ұлтаралық қатынас тілі. Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады, олардың барлығы дерлік орыс тілін меңгерген. Ол бөлек әңгіме. Дегенмен, тіл мәселесі бізде қиын. Әйтсе де, ол олқылық алдағы уақытта түзелер. 150 жылдық ізі бар бұны 23 жылда шеше салу оңай іс емес, мүмкін емес. Ал егер жаппай тек қазақ тілің ғана қойсақ ,ол да тиімсіз. Халық жаппай басқа елге көшіп кетсе. Демографиямыз құлдырайтыны сөзсіз. Еліміздің шет елге барғанда айнасы болар, саясаттанушылардың орысша судай сапырғанда, намыстанып , қаным басыма шығатыны бар. Асықпағаң арбамен қоянға жетеді. Болашаққа үмітпен қарайық.
+3 дауыс
Менің ойымша қай уақытта болмасын, ол біздің көршіміз. Сондықтан көршімен жақсы болу керек. Бірақ, Қазақстан көршісіне бағынышты бола бермей өзін күшейтсе жақсы. Қазақстан жақсарып күшеюі үшін меніңше қазақ халқының демографиясы жақсару керек. Және қазіргі таңда біздің қоғам екі тілде өмір сүруде. Орыс тілінің ықпалы артығырақ. Егер дамимыз десек, қазақ тілінің ықпалы күшеюі керек. Бізде мысалы ғаламторға келетін болсақ, уикипедиядағыуикипедиядағы қазақша мақалалардың сапасы нашар, көбісі ат салыспайды , ғылыми тілмен жөнді жазылмаған. Ресей жақсы сияқты Қытайға қарағанда.
+2 дауыс
Ресейдің дегені менен жүрмей, өз жолын табуы керек. Бұл үшін әрине алды менен тілін дамытсын. Қайсы елде өз тілі тұрып басқа тілде сөйлеген халық дамыған?
+1 дауыс
Бір саясаткер айтқан екен: Екі ұлы мемлекеттің арасында орналасқан ел ешқашан да ұлы мемлекет бола алмайды - деп. Сондықтан, Қазақстан Ресей мен Қытайға тәуелді ел. Ешқашан да тәуелсіз елдің адамы: мен тәуелсіз елде тұрамын, біздің ел тәуелсіз - деп айтпайды. Тек біз ғана солай айтамыз.
+1 дауыс
Қазақстан кез келген жағдайға дайын.
+1 дауыс
Қазақстан ешқандай мемлекетке қосылмайды, Қазақ ешкімге тәуелді емес -Ерасыл (с).
)))))))))))
+1 дауыс
Жалпы досың дұрыс айтады. Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасын бұзып алса қиын болады .
0 дауыс
Біз жас елміз әзірге шығудың қажеті жоқ бірақ қатты ықпалына кірудің қажеті жоқ
...