Ол сұмдықтың ашылмағаны дұрыс еді. Ақша табамыз деп, халыққа ұнаса да оны ашпау керек. Америкалықтар немесе осы фаст -фудты жейтін мемлекеттердің тәжірибесінде зияны көрініп тұр ғой. Кішкентай бүлдіршіндерден бастап халықтың барлығы дерлік оны жеп, семіздік ауруына ұшырайды. Бұл үлкен мәселелерге алып келеді. Бұл пайдасы жоқ іске қыруар қаржы жұмсағанша, неге қазақтың пайдалы тәтті-дәмділерін халықтың көңіліне жағарлықтай қылып шығармасқа?!Біле білсек, ұлттық табиғи таза тағамды жеп-ішіп өскен ата-бабамыз ешкімнен кем болмады, қайта 12 мүшелері сау , күш жігерлері көп, дене-бітімдері нық болған.