+4 дауыс
24.7k көрілді

Әйел әр түрлі. Күйеуінің табысын құрап отыратын да, құртып отыратын да әйелдер болады. Күйеулерін әлпештеп отыратын да, төмпештеп отыратын да әйелдер аз емес. Күйеуін қолдап, көркейтіп отыратын да, сыбап, сүмірейтіп отыратын да әйелдер бар...

Жақсы әйел, жақсы келін қандай болуы керек?

Жақсы әйел, жақсы келін, айел, келин

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Тәкаппарлықты тізгінде!

Карьера қуып жүріп қалған қыздар үшін – қиындау, әрине.  Біз өзіміздікін дәлелдеп, өзіміздің дегенімізді жасап дағдыланып қалғанбыз, өйткені. Тіпті бастықтың да кабинетін неше рет тарс жауып, теріс бұрылып кеткенбіз... өз ортаңда сыйлы болу үшін кейбір әріптесті де шегелеп тұрып орнына қоюға мәжбүр боласың. Әйтпесе, «жуас түйе жүндеуге жақсы» деп басыңа шығып алады... сол ескі әдетке салып күйеуіңмен де бір күні кикілжің туындай қалса - ыршып шығасың. «Қоя сал!.. Қысқарт!..» - дегенге үнсіз қалудың орнына,  міндетті түрде, жауап қатасың. Сол кез шегіне салсаң «скандалдан» айналып өтуге болатындығын білесің, бірақ, ішіңде бір албасты отырады сыбырлап: «Жеңілме! Берілме! Өз принциптеріңе адал бол!» - деп. Өз принциптеріңе емес, өзіңнің азаматыңның принциптеріне адал болуың керек қой, біз соны мықтап есімізде ұстағанымыз жөн, қыздар!  Ақиқаты сол, ашу үстінде тіпті «ақыл» үркіп кетеді біздің қаһарымыздан... «Мен... мен бұрын бүйтуші едім... мен сүйтер едім...» - деп, дес бермейміз. Шын мәнінде, күйеуіңнің алдында кішірейе салсаң – түгің де кетпейді. «Ой, мен байымды тыпыр еткізбеймін...» - деп құрбылардың көзінше мақтанатын әйелдердің қатарында болғың келсе – ынжық күйеу таңда! Ал, қайратты мінезіне сүйсініп байға тидің екен – тәкаппарлықты тый! Өйткені, азаматың сол сен сүйсінетін мінезінен айрылған күні – сенің де сезімің өшеді. Сондықтан, сүйікті адамың БИІК боп қалсын десең, өзің төмен түс!

Кешірім сұрауды үйрен!

Қандай жағдайда болмасын, сөз таластырғаннан гөрі кешірім сұрай салған дұрыс екен. «Мен тым артық кетіп қалыппын, кешіре қойыңызшы...» - деп азаматыңнан бірінші боп кешірім сұрай салсаң – кішігірім жеңіс!!! Өйткені, ішіңдегі сол бір албасты сондайда тағы да өз әуеніне басады ғой: «Сен неге кешірім сұрауың керек?.. сен емес қой кінәлі?.. өзі кешірім сұрасын...» - деп. Кімнің кінәлі екені маңызды емес, болған жағдай – болды! Ендігі мақсат: ситуацияны басқарып алып кету. Иә, ол  - тікелей әйелдің міндеті. Иіле сал, кішірейе сал, некелі жарыңның алдында оның еш әбестігі жоқ. Айналып келгенде, тағы да 1-қағиданы қайталауға тура келеді: Тәкаппарлықты тый!!! 

Төркінге жалтақтама!

Қыз бала – жат жұрттық. Кетті ме, ол – енді басқа елдің адамы! Әрине, хат-хабар алмасып тұру керек, тек... ол «безобидный переговорлар» жас отбасында кикілжің туғызбайтындай болса... көріп жатырмыз... «мамам айтты...» - деп кетіп қалған жеңгелерді де көрдік... «Төркіні жақынның – төсегі жиылмас» деп бекер айтылмаған /сөздің астарындағы ойды ұға алмайтын оқырмандарымның бар екендігін ескере отырып, мазмұнын аша кеткенді жөн санадым. «Төркіні жақынның  - төсегі жиылмас» дегенде, міндетті түрде, төркіні  іргелес үйде тұрады деген мағынада емес. Қайын жұртынан гөрі төркініне көп елеңдейтін келіндер туралы айтылған. Әрине, қыз бала өз туыстарына бірден суып кету керек деп айтпайды ешкім. Алайда, белгілі бір шекарасы бар төркінмен қарым-қатынастың... /  Ел арасында: «Шешесі оңбады... шешесі алып кетті келінді...» - деген әңгімені естіп те жүрсіздер ғой. Таңсық дүние емес шығар?.. бұл орайда: «Анаңмен сырласқан жақсы ғой... » - деп көп қыздардың маған атыла кететінін сезіп отырмын. Иә! Кейде көңілім құлазып тұрғанда, өкпелі отырғанымда не жай үйді сағынғанымда менің де: «Мама! Мынаны қайтсем екен?.. Былай істесем дұрыс бола ма?..» - деп телефон соққым кеп тұрады. Ондай мүмкіндік жоқ менде. Шешесі жоқ қыз – казармадағы солдат сияқты болады екен: алдыңда ақылшың-кеңесшің жоқ, бәрін өз басыңнан өткересің; сүрінесің, құлайсың, орныңнан тұрып қайта қозғаласың, ақыры дұрыс бағытты тапқандай боласың...

Ақылды шеше – дұрыс ақылын айтады ғой. «Жұбыңмен келіп тұрғайсың, жападан-жалғыз оралмай...» - дейтін Аналар аман болсын!!! 

Әйел екеніңді естен шығарма!

Әйел боп жаратылдың екен – тағдырыңа алғыс айт! Яғни сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылығыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті, оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Әрі бұл кемшілігің емес, жетістігің боп есептеледі... Мұхтар Шаханов ағамыз осылай деп жазыпты. Келіспеске болмас! Күліп тұрған күйеуінің көңіл-күйін быт-шыт етіп бұзып, бес минуттан соң қатулы қабағын аша салуға әйелдің қабілеті жетеді. Тек сол бойдағы табиғи қабілеттің тетіктерін дұрыс меңгере алмай абдырап қалып жатамыз да. Мәселен, көлікті басқару үшін де жолда жүру ережелерін және темір тұлпардың «газ-тормоз» механизмін мықтап меңгеріп алуың керек қой. Сол сияқты, еркегіңнің қай уақытта еркелегісі кеп, қашан қарны ашатынын, қай сөзіңді жылы қабылдап, қай қалжыңыңды көтере алмай шалқасынан түсе қалатынын... бәрін- бәрін зерттеп, ойға түйіп алып, сосын стратегиялық жоспар құра беруге болады болашаққа. Және: «Әйел мен еркек тең құқылы!» - деп ұрандатпай, керісінше жеңіле салғаның – ұтымды позиция! Әзілхан Нұршайықов ағамыз жазған:«Әйелдің айласы – жығылып жатып жеңіп шығуында ғой...» - деп. Иә, иә! Тағы да 1-қағиданы еске түсіруге тура келіп тұр. Өйткені, бізді құртатын сол – тәкаппарлық! 

Маржан Сұлтанбай http://gonzo.kz/blog/2732-bayyinnan_tayak_jemeudin_tort_tesili

+1 дауыс
Ата енесін сыйлап айтқанын істесе болды ғой
+2 дауыс
Сiз сияқты болуы керек!
+2 дауыс
Енесінің айтқанын тыңдап, көңілін ала білсе. Күйеуінің асқазанына жол таба білсе болды ғо. Менің идеалым солай.
+2 дауыс
Мына жоғарыдағы суреттегідей болуы керек
+1 дауыс
Ата-енесін сыйлайтын, құрметтейтін, күйеуін құрметтейтін,
+1 дауыс
1. Күйеуіне сену, қолдау көрсету;

2. Күйеуін ата-анасына, басқа туысқандарына қарсы қоймау.

3. Балаларының алдында әкесінің жақсы имиджін қалыптастыру

4. Өкпе-ренішін оңашада айту (Елдің көзінше күйеуінің бетінен алмау)

5. Күйеуінің адалдығынан күмәнданса, әркімнің айтқанына сенбей, әуелі күйеуінің өзінен сұрау......
–1 дауыс
Мінезі биязы, үй шаруасына пысық, салт-дәстүрлерді білетін, тәрбиелі және білімді.
0 дауыс
Үй шаруасына пысық, ата-анасын сыйлайтын, балаларына жақсы тәрбие беретін, күйеуіне қолдау беретін, ақылды және өнегі тәрибелі болуы керек.
...