+1 дауыс
645 көрілді

Осыдан екі жыл бұрын БАҚ өкілдері жалпақ жұртқа жар салып .ҚАЗ доменінің құрылғанын айтып, интернет қолданушылардан сүйінші сұрасқан еді. Қазақстанның екінші ұлттық үйшігі ретінде саналған ".ҚАЗ" домені жайында«Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Исин:

Бүгінгі күні ұлттық домен ретінде елімізде қолданылып келген «.kz» доменімен тіркелгендер саны 70 мыңға жақындады. Ал «.ҚАЗ» доменіне келетін болсақ, бұл домен негізінен ғаламторды пайдаланатын қазақ тілді жұртшылыққа арналып отырғаны анық. Сондықтан да, мен «.ҚАЗ» доменін еліміздегі орыс тілді қауым бірден игеріп кетеді деп ойламаймын. Өйткені бұл үшін пайдаланушылар қазақ әліпбиін қолданып, сонымен жұмыс істей білулері керек. Сондықтан да, «.ҚАЗ» доменін енгізуде елімізде үлкен серпіліс болады деп болжамаймыз. Дегенмен, бұның бәрі жұртшылықтың белсенділігіне, ұлттық әліпбидегі доменді пайдалануына байланысты


деп мәлімдеген болатын. Осыған орай сынама ретінде ТЕСТ.ҚАЗ сайты да ашылған еді. Естеріңізге сала кетейік, кирилицалық домен бойынша Ресей «.РФ» доменін, Сербия «.СБ» доменін пайдаланып келеді. Ал, Қазақстан бұлардың қатарына әлемдегі үшінші ел боп орнықты.

.ҚАЗ доменінің қолданудың кемшілігі қандай?

Қазіргі ұялы телефондарда қазақ қәріптерді жоқтың қасы. Қажет адамдар өздері үшін телефондарына орнатып алады. Яғни пайдаланушылардың көбі латын әліпбиінде жұмыс істеуді тиімдірек көреді. Сондай-ақ, басқа елдің қолданушылары үшін «.ҚАЗ» сөзі біраз қиындық тудырары сөзсіз. Демек, ұлттық рухты көтереміз деп сандалу, бос әурешілік. Өйткені, кейіңгілерге үлгі болуы үшін мемлекеттік сайттар толықтай «.ҚАЗ» үйшігіне көшулері шарт. 

Шындық
Осы уақытқа дейін ".ҚАЗ" доменін пайдаланып, асығы алшысынан тұрған Қазақстандық сайттарды көрген емеспін. ИТ-саласының мамандары да сайттарына жалғап алуды құп көрмейтін секілді. Оғанда себеп көп. Басында айтқанымыздай бірінші қиындық тудырса, екінші қолданушыларының санын кемітіп, белсенділігін түсіріп алады.

Құлаққағыс

Егер де, латын әліпбиіне көшіп жатсақ кирилицалық домен қазақ елі үшін қажет болмай қалады. Мүмкін болса «.ҚАЗ»-ды «.QAZ» деп өзгертерміз!!!

7 жауап

+2 дауыс
ҚАЗ доменін бірінші рет көріп тұрмын.
0 дауыс
Латын алфавитіне көшпейміз. "Қаз" доменінің тіпті де қажеті жоқ. Міндетті түрде басқа елдерден ерекшеленуіміздің қажеті бар ма?
Латынға көшпейтын ді қалай білдіңіз?латыншаға көшыу деген ахбарлар жоқ болып кетты ғой !
Белгісіз
0 дауыс
мысалы ресейде .рф деген сайттар бар, қаз домені бір түрлі сияқты
0 дауыс
Жоқ, қарыштай алмады.
0 дауыс
Екі жыл бұрын? Бірінші рет естуім. kz болды ғой, жетеді сол. Шаш ал десе бас алып... Ресейде .рф болғанымен танымал емес қой.
0 дауыс
Бірінші рет естуім, ондай сайттар барма?
0 дауыс
Қарыштауы қиын болайын деп тұр.
...