Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диетикалық өнім. Әрдайым 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз: бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды; қан қысымы төмендейді; жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі; ағзадағы радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды шығарады.Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондайақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Ал сіз осы тұрғыда не дейсіз?