+2 дауыс
959 көрілді
Тәжік мемлекеттік телеарнасы Голливуд фильмдерін субтитрсіз ағылшын тілінде көрсете бастады. Телеарна өкілдері жұрттың ағылшын тілін тезірек үйренуі үшін фильмдерді аудармасыз беріп жатқандарын айтады.  Аға буын өкілдерінің жастайынан орыс тіліндегі киноларды көріп өскенін айтады. Солайша Совет Одағы жастары орысша жақсы сөйлеп, түсінетін болғанын алға тартып отыр. Сіздердің ойларыңызша, осындай тәсіл арқылы халықтың ағылшын тілін үйренуіне жеңілдік жасауға бола ма? Егер қазақша субтитрі болса, ағылшынша фильм көретін бе едіңіз? Біздің арналар осындай бастаманы қолға алса қалай болады?
Барлық фильмдер мен сериалдар емес)) Аптасына бір-екі рет көрсетілсе)

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қолдаймын, ағылшын тілін білгеніміз өзімізге артық етпейді, қазақша субтитр болса ешкім қазақшасын ұмытып қалмайды ғой.
+4 дауыс
Субтитрмен болса көрер едiм.
+2 дауыс
Қазақ тіліндегі кинолар тұрғанда,ағылшын тіліндегі кинолар маған бес тиынға да татымайды.
+2 дауыс
Қарамаймын, өйткені ағылшын тілін дұрыс білмеймін.Олардың не айтқанын түсінбей, тек не істегенін білем.
+1 дауыс
Ол түгілі орыс тіліндегі фильмдерін дұрыс түсінбейтіндер көп. Ағылшынша тіпті көрмейді да.
+2 дауыс
Тәжіктердің миының жеткен жері осы болса, тексіздіктерінің белгісі. Ал, бізге былай жасау мәңгүрттікке апарады!
0 дауыс
Бұл Қазақстан, Негізінен орысшаны да алып тастау керек, мысалы Ресейдің телеарналарында тек қана орысша, Бұл АҚШ емес, Британия емес!!!
0 дауыс
Қолдамаймын. Голливудта қайсыбір оңған кино бар. Қайта қазақша киноның сапасын арттыруға жұмсалсын бар қаржы мен күш.
+3 дауыс
Келін сериалын ағылшынша қылып қойсын, жарайды сол.
Иә) Дұрыс айттыңыз)
+1 және ешқандай субтитрсыз
Субтитр дегенің кім Сумитра емеспе?
Ол кім? Әзіл ме, алде шынымен сұрадың ба?)
субтитр деген мынау- киноны ағылшынша береді де, астына орысша сөздерін қойып қояды
Хехе кәдімгідей түсіндіріп жатқаннес))
...