Себебі гректер айналасындағы әрбір табиғат нысанының өз қожасы, өз иесі бар деп есептеген. Олардың ойындағы құдай ерекше құдіретті, ал басқа жағынан адамнан онша айырмашылығы жоқ: мейірімді, кеңпейілдері де, қатыгез, қаскүнемдері де болды. Кейбір тарихшылар мифтерде айтылған құдайлар сол заманда қоғамда белсенді рөл атқарған қарапайым қоғам мүшелерінің бейнесі болуы мүмкін дегенде айтады: мысалы, елі үшін күрескен батырлар, махаббатына адал арулар, қатыгез қолбасшылар, ықпалды патша,тағысын тағылар. Сондықтан да гректерде құдайлар көп болған.