+2 дауыс
528 көрілді
Мен айналамдағы адамдардың таңдауына құрмет еткім келеді. Сондықтан бір досыммен киноға баруды шешсек, досым "Пәленше деген кино шығыпты. Соны көрейік па?" дейді. Мен үшін аса қызық сезілмесе де, бірге барам. Бұл үшін ішімде ешқандай реніш қалмайды әрине, барғаныма өкінбеймін де. Жай, егер мен басқа киноға барайық десем, ол досыма ұнамай қалса не істейім деген ой келеді. Сырттан тамақтанған кезде де сондай, қасымдағылар "Не жегің келіп тұр?" деп сұраса, "Сендер не жейсіңдер?" деп сұраймын. Сосын "Мен де" деп жауап беремін. Себебі маған бола олар өздері жегісі келген нәрсені жей алмай қала ма деп ойлаймын.  Айналамдағы адамдар сұрамайды емес, қанша сұраса да мен қасымдағылардың ығына жығыла берем. Өзім оңаша қалғанда қалаған киномды көріп, қалаған тамағымды жесем болды емес пе? деген оймен. Осылай келісе беру дұрыс па?

14 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мынадай сөз бар: "Будь ты самым спелым и сочным персиком на свете, все равно найдется тот, кто терпеть не может персики". Сондықтан бұл мінезіңізді құптайындар да бар, құптамайтындар да бар. Мен екі жағына да шығамын. Құптамайтын себебім: бұл шектен шығып кеткенін байқамай қалуыңыз мүмкін, мысалға бір жігіт тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаса, сол "бас тартсам, өкпелеп қала ма, жүрегіне жара сала ма" деген оймен ұнатпасаңыз да келісіп қалуыңыз мүмкін. Құдай сақтасын, жігіттің сол мінезіңізді пайдаланып кету де мүмкін ғой. Сондықтан, ретсіз келісе бермей, ақылмен және жүрек  шешкен дұрыс. Ал құптайтын себебім: өркөкіректік жоқ, жанжалдан бойыңызды аулақ ұстайсыз. Бұл мінездің ата-анаңыз үшін де жақсы шығар. БІреулер "маған ананы әпер, мынаны әпер" деп ата-анасының жағдайын ойламайды. Ал Сізге қайта ата-анаңыз разы болатындай екен. Жалпы орнымен болғаны дұрыс қой. Су аз болса жуына алмайсың, көп болса су тасқыны болады. Бәрі өз орнымен
+2 дауыс
Дұрыс, қасиет екен) таразы емессіңбе өзің?
Жоқ, емеспін))
+2 дауыс
Келісетін кез де, келіспейтін кез де болады. Барлық жағдайда өзгенің қалағанын жасай берсеңіз өміріңіз қызықсыз болып қалады. Сіз де достарыңыз сияқты таңдауыңызды, талғамыңызды, ойыңызды білдіріп, қалауыңызды айтып көріңіз.
Әзірге қызықты, кейін қызықсыз боп қалмай ма? деп ойлап жатқаным ғой. Әр нәрсе тым шектен шығып кетсе, адамға зиянын тигізеді емес пе?! Кеңесіңізге рахмет))
+2 дауыс
Басқалар үшін ғана жақсы қасиет екен мынауыңыз... өзіңізге түк пайдасы жоқ!! Жігітіңіз бар ма? Қыдырғанда жігітіңіздің сөзінен шықпайтын шығарсыз. Кейін тұрмысқа шықсаңыз не болады? Енеңізге де иә, атаңызға да иә.. Бәріне иә дей берсеңіз басынып алады кейін. Кәзірден бастап өзгеріңіз лучше!!
))))))))))))))
+1 дауыс
Жаман қасиетқо мынауың.
+1 дауыс
Недеген көркем мiнездi жiгiт мынау деп таң қалып оқып отырсам, қыз екенсiң ғой. Анкетаға «E» «Ә» «Қ» деген жынысын бiлетiндей өзгерiс енгiзбесе болмайды, сәл болмағанда басқа сөздi жазып жiберуiме сәл қалды. Сұрағыңа келер болсам, мiнезiң жақсы, жуастығың көрiнiп тұр, iшiңдегi сөздердi сыртқа шығаруға қыйналасың ұялшақсық. Мiнезiң жiгiттердi өзiне тартатындай екен. Бiрақ әрдайым келiсе бергенде болмайды, басқаларды жалықтырып жiбередi. Саған кеңесiм сәл тiрiл, жоқ орның бiлiнетiндей болсын, бiреу сенiмен ойнағанда, көңiлiңе тиетiндей сөз айтқанда, жауап қайтаруға дайын тұр, жымыйып тұра бермей. Iште сақтай берудiңде қажетi жоқ, iште сақтайтын да, сақтамайтында да сөздер болады, әй неге осылай деп айтпадым деген iште сақтамайтын сөз. Егер өзiң өзгере алмасаң, саған өзгеру қажет болса, өмiрдiң өзi-ақ өзгертiп жiбередi сенi...
Психологқа баруы керек
Мен жігіт деп ойлап жүрмін ғой @Jakibai ды
Жоғи, жігіттерге ондай жуас қыздар ұнамайды негізінде. Тек сондай қыздарға үйленеді, ал былай мінезі ашық қыздарды жақсы көреді.
0 дауыс
Иа жақсы қыз екенсің, маған ұнадың.
0 дауыс

Бұл қасиет емес, мінез де емес, "комплекс неполноценности", яғни психикалық ауытқушылық (ренжімеңіз, өзім де сондай болғасын жазып жатырмын) Психологқа баруға болады негізі (аздап болса да септігі тиеді)

+1 дауыс
Досаралық қасиеттің бірі сияқты...
+1 дауыс
Негізі әр адам өз қалауымен өмір сүргені дұрыс деп ойлаймын. Жегің келген тамақты жей бер мүмкін сен басқа олар басқа нәрсе тапсырыс бере беретін шығарсындар. Жесең сен жейсің олар емес. Олар да сенің талғамыңа сай  киноларды көріп үйренгендері дұрыс деп ойлаймын.
0 дауыс
Біртүрлі ғо мынауың
+1 дауыс
Келісу жақсы қасиет .
+1 дауыс
Менің ойымша бұл өте жақсы. Ақкөңіл екенсің. Ең бастысы адамдарды сыйлай білесің. Ата-анадан жақсы тәрбие алғаның көрініп тұр.
+1 дауыс
Бұл өте жақсы қасиет бірақ  ылғи осылай келісіп  жүру өте қиын , бұған  сабырлылық қажет етеді . Ұмытпағаныңыз  жөн  !  "Кімнің ығына жығылу керек екенін және кімдікіне керек емес екенін"

Ұқсас сұрақтар

...