+3 дауыс
1.3k көрілді
Біз неге Қазақстанның өзінде орысшы сөйлесеміз? Әлде ол қазақ тілін терең меңгермегеніміз үшін шығар. Бір-біріміз бенен қазақша сөйлесіп, білмеген достарымызға үйретіп, дұрыс сұхбат құрсақ көңілді болар ма еді.

17 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі, орыс тілінде орыстарға, басқа ұлттарға шүлдірлейтін өзіміз екен. Қазір дүкенге барып орыс тұрса да қазақша сөйлей беретін болдым. Олар да кейбірі я на казахском не знаю дейді, кеше бір кісі мен казахша білмейді дейді, мен күлдім ой қазақша сөйлеп тұрсыз ғой деп, негізі қазақтар өзіміз олардың көңілі үшін орысша сөйлейтініміз. Жұмыста бір техничка орыс апай бар, сол кісіге здравствуйте десем, сәлеметсіз бе дейді. Өзім ұялып қалдым,содан бері қазақша сөйлеймін көбіне. Бірақ қазақ тілін дау-дамайға айналдыруға болмайды деп ойлаймын, біреу орысша сөйлеп тұрса оған жайбарақат қазақша түсінетін адам құсап сөйлей беру керек, қазақша түсінеді бәрі.

Сосын, "Вузеры" , Астана телеарнасындағы ситком бар еді ғой, сондай шала қазақша сөйлейтін сериалдар ұнамайды. Сосын шала қазақтарға күлмеу керек деп ойлаймын, оларды тілдерін қазақша сөйлеуге жаттықтыру керек деген ойдамын. 

Теледидар да кішкентай тілі шығып келе жатқан балаларға әсер етеді. Бір туысымның баласы кішкене кезінде үнемі Никеледоннның мультфильмдерін көріп өскен, сөйлесе  ылғи өзінің мультфильміндегі нәрселерді орысша шүлдірлеп айтатын.

Бірақ, қазір барлық тілді білген дұрыс. Өзім ағылшынша үйренгім келеді.

Жарайсың, бауырым! Сөзіннің жаны бар!
0 дауыс
Қазақ тілін, өзге ұлт өкілдері білмейді. Кейбір қазақтар да, өз ана тілін білмейді деп айта аламын.
0 дауыс
Қазақ бола тұра, қазақ тілін білмеу ұят.Өз басым қазақ тілін 100% білем.
100% білмейсің. Қазақ тілі - иірімі мол тіл.
Бимон сенімен толық келісемін осы жолы.
0 дауыс
Ол әрине отарлау саясатының сарқұншағы. Қазір тіл мәселесіне мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ халықтың қазақша сөйлеуге, оны шұбарламауға құлшынысы жоқ. Тілімізді дамытқымыз келсе әрбір адам, әр Қазақ, әр қазақстандық,әр патриот өзінен бастау керек. Тәуелсіз аспан астында егемен ел болып отырғанда өзгенің тілінде сөйлеп, өз тіліне деген құрметті жоғалту , өзгенің қол астында жүрген қиын-қыстау заманда туған тілге көңіл бөлген бабаларымыздың алдында бізге сын болмақ!
–1 дауыс
Қазақ  тілінде жаппай  сөйлеу  үшін Шымкенттік қазақ  ағайындардың   жақсы  әдетін  ұсынар едім .
Мысалы қандай әдет?
Мен Шымкенттіктердің таза қазақша сөйлейтінін байқадым!)
0 дауыс

Қазір ешкімге ешнәрсе үйретіп керек емес, бәрі шетінен ақылды, білімді!

+1 дауыс
Осы жағдайды шешу үшін заң шығару керек. Ол заң - Қазақстан мемлекетіндегі әрбір азамат(-ша) қазақ тілін білуі керек. Енді бірден 100% деп қойып қалмай. Біртіндеп үйрету керек. Бастапқыда 70% білу керек деп заң шығарып, кейін 80, 90, 100 деп кете берсе. Бұл өз ойым.
+1 дауыс
Жалпы орысша сөйлеп бастайтын өзіміз ғой...
Орысша сөйлеп бастамасақ, ауылбай екен деп ойлайды.
Міне, Орынбасар сияқты ойлайтындардың кесірінен қазақша сөйлейтіндер аз.
ауылбай дейтін дымы жоқ, қазақ тілін модаға айналдыру керек. Қазақ тілі заманауи болуы қажет.
Білім, техника саласында, жалпы күнделікті өмірде көп қолданылуы керек. Мысалы қазіргі қазақша  жарнамалардың өзі қазақ тілінің ілгерілеуіне көмек беріп жатыр (қате жазылған жарнамаларды айтпаймын) . Қазақтар өзіміз өз тілімізді қадірлеуіміз керек, көркем әдебиеттер көп оқуымыз қажет.
Банкоматта, телефонда т.б. жерлерде қазақша қолданайық.
–1 дауыс
Байланысшы айтқанымен келісем.Сосын Вузеры,Городские легенды,Кз Ландия,Побег из аула,сиақты синдком сериялдар көбейіп кетті және қазақ тіліміздің дамуына кедергі жасап жатыр.
0 дауыс
Қазақ тілін білмейтіндер білмейді!
0 дауыс
Білмейтіндер бар ғой
0 дауыс
Негізі Н.Назарбаев атамыздың өзі айтты ғой бұл мәселені. Негізі біз ешкімді мәжбүрлеп сөйлете алмаймыз. Өздері сөйлемесе, қанша сөйле десеңде сөйлемейді. Нұрсұлтан атамыз егер сөйлесеңде сөйлейсің, сөйлемесеңде сөйлейсің десек УКРАИНА боламыз деп нақты айтты. Сондықтан ақырын-ақырын үйретерміз деп айтты. Ал қазір біліп тұрса да, орысша сөйлейтіндер көп. Ол өздерінің білімділіктерінің арқасы шығар. Білмеген адам қалай сөйлейді.
Сол орысша сойлеген адаммен біз қазақша сөйлессек, олда қазақша сөйлейтін (сөйлеуіне тура келетін) еді. Бір мысалы дүкендерде, базарларда сатушылар тек қазақша сөйлесін деген заң шықса болмай ма? Сондай-ақ түрлі қоғамдық орындарда да. Солай етіп дұрыс жазуға шақырамыз, алдын дұрыс сөйлеуді үйреніп алайық. Басқа тілдің сөзін қоспай!!!
Белгісіз
0 дауыс
Назарбаев өзі айтқан қазақ тілін де орыс тілін де білген жөн,себебі үлкен қалаларда көбісі орысша сөйледі.Онда тұрған ештеңе жоқ,артық етпейді.
0 дауыс
Халық санағы кезінде қазақтардың 30 пайызы орыс тілін ана тілі ретінде көрсеткен.
0 дауыс
Әркім өзін өзінің жанұясын жөндесін.Көпке топырақ шашпай.Мен қазақпын деген адам әрдайым қазақша сөйлеуге тырысады, басқа ұлттар түсінеді ,қазақша БІЗ ӨЗІМІЗ ОЛ!
...