Егер болашақтың өзгеруін қаласаң, өзің қазіргі сәттің өзгерісі бол. (Ганди)
Өзін-өзі сол қалпында қабылдай алу - өмірдегі оң өзгерістердің кілті. (Луиза Хей)
Әрбір өзгеріс басқа бір жаңа өзгеріске жол ашады. (Никколо Макиавелли)
Әйелдер ондаған жылдарын күйеуінің "кемшілігін" түзетуге сарп етеді де, ақырында "Сен мен тұрмысқа шыққан адамға мүлдем ұқсамай барасың" деп шағымданады. (Барбара Стрейзанд)
Адамдарды өзгерту үшін әуелі сүю керек. Махаббат пен ықпал - тура пропорционалды ұғымдар. (Иоганн Песталоцци)
Егерсіз өзіңіздің әрдайым көпшілікті жақтайтыныңызды аңғарсаңыз, демек сізге өзгеретін уақыт келді. (Марк Твен)
Үлкен өзендер шалшықтан бастау алады. Тарихтағы ұлы өзгерістердің бәрі тоқыраудан басталады. (Владимир Бутков)