+1 дауыс
1.6k көрілді
Менің қызықты сәттерім көп!

6 жауап

+1 дауыс
Менде де көп. Қайсысын жазарымды білмей отырғаным.
+1 дауыс
Қызықты сәттерім студенттік шақта көп болды , қазір дым қызық жоқ. Күнделікті бір тіршілік (((
+1 дауыс
Осы сайтта болған қызықты жағдайды жазайын. Сайтқа енді тіркелген кезім, телефонмен отыратынмын. 2 айдай күнде кіріп жүрдімде, біраз уақытқа себептермен кірмей кеттім осы сайтқа. Бір күні почтаға "сіздің сұрағыңызға мынадай жауап келді" деп бірнеше хат келді. Бұрын қойған сұрағым болар, енді жауап келіп жатқан деп ашып қарадым. Сөйтсем, ерінге шыққан ұшық жөніндегі сұрақ екен. Мен мүлде қоймаған. Бұрын соңды ондай сұрақ қоймағам, ал қойылған уақыты 1 сағатқа да жетпеген екен. Шошып кеттім менің атымнан кім ол қойып жүрген деп. Дереу сайтқа кірдім админге шықпақшы болып, сұрақ ретінде жазбақшы болғам. 5 минуттан соң апам телефон соқты " мен жаңа сұрақ қойып едім жауап келді ме?" деп. Ашуым тарқап, жауаптарын оқып бердім. Менікі сол үйдің компьютерінде сақталып қойған екен. Апама кейін өзіне бөлек аккаунт ашып бердім. Бітті))))))))
апа деген кім сіздер жақта?)))
Сестра.........
Болатбекті қалай таптың?
Оны билудин кажети шамалы... тыныш уйыкта!!!
апа дей бер саспа оданНн!
Белгісіз
Аха. Алматыдагы каспий банктен звондады бир кыз. Осындай да осындай адамды танисыз ба? Деп. Содан иа танимын дедеим. Сизге ким болады деп сурады. Апам десем тусинбейди. Калай сонда сиздин апаныз, сонда сиз немересисиз бе деп. Мен айтам Эй ол мении апам. Ягни сестра, мен сестренка сымын деп))))
+1 дауыс
Жаңа жыл кезі еді. Мені ақшақар қылып қойған болатын. Бір кезде өз жұмысыма барғым келді. Содан жүргізушіден сұрадым қашан шығамын деп, ол айтты:

-ой, әлі шықпайсың баратын жеріңе барып кел деді. сосын кетіп қалғам бір уақытта артымнан біреу келді. бол тез сенің кезегің келді деп айғайлады. содан жүгірдім. Кіргенім сол еді сахнаға шығарып жіберді. Бүкіл халықтың көзінше ентігіп тақпақ айтып бердім. Өзіммен қатарластар:

-не бүкіл ауылды аяз атасыз өзің аралағасын ба? деп мазақ қылды
0 дауыс
Бүгін қар жауды. Көше шырағының жарығындағы қар сондай әдемі болып көрінді. Қыз бен жігіт кетіп барады екен алдымда. Жігіт қыздың қолын өзінің қалтасына салып ұстап алыпты. Екеуі сондай әдемі көрінді. Оқушы қыз өзі кішкентай бола тұра, інісінің сөмкесін арқалап, інісі тайып кете ме деп жетектеп алыпты. Ол да әдемі көрінді. Мысық аязды күні кеште бу шығып тұрған канализация қақпағының үстін паналапты. Тіршілікке талпынған оның қылығы да әдемі көрінді. Мен үшін өмірдің әрбір сәті қызықты, көшенің әрбір бұрышы әдемі. (Бұл сіздің сұрағыңызды қанағаттандыратын жауап емес болар, Деседе мен білетін өмірдің қызықтар осылар)
–1 дауыс

Оның саған не керегі бар??Қызықты оқиға деген көөөөөөөөөөөөп қой.

Дұрыстап қойыңыз сұрағыңызды!

Ұқсас сұрақтар

...