Мен бала кезімнен дорама көргенді жақсы көремін.Кәріс телехикаяларымен алғаш танысуым "Жүрегімде қалған алтын күз" т-я басталды.Кейін телеарналардағы көрсетілетін т-я.ды үзбей көрдім. 150-ге жуық дорама көрген шығармын. Соңғылары "Акула" және "Наследники". Жақындарым әрқашанда ол т-я несіне көресін деп сөгетін. Дегенмен, олардың сюжетінің қызықтылығы,идеясы,тәрбиелік мәні,(салмақты болсын , жеңіл болсын әр оқиғаның тереңнен бойлаған өз берері мол),актерлерінің ойнау шеберлігі, келіскен келбеттері, әдемі қылықтары,тәрбиеліктері, әуезді әндері мені баурап алды. Қашанда болмасын, дорамалар менің үздік хоббиім болып қалмақ.