+2 дауыс
55.5k көрілді
Мұхтар асуы. Мұхтар Әуезов туралы шығарма керек?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезовтың азаматтық, адамгершілік және шығармашылық тағдыры үстіміздегі ғасырда қазақ елінде қандай күрделі өзгерістер болғанын түсінуімізге көмектеседі. Оның өмір жолына зер салғандабіз жалпы өткен кезге көз жүгіртіп, бұрын байқалмаған қажетті жәйттерді тереңірек көруге мүмкіндік аламыз. Мұндай тағдыр халықтың зердесіне нұр құйып, әділеттілік сезімін, ұлттың өзіндік санасын ұштайды. Ғасырдан ғасырға, заманнан заманға ұласып келе жатқан «Абай жолы» романы – қазақтың мәдениеті мен дәстүрін ашық айқын көрсететін әдеби мұраларымыздың бірі.

Мұхтар Әуезов мағынасы терең шығармаларымен өшпес із қалдырды, оның өміршең туындылары ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетіп, өнегелі сөзбен үн қатқандай. Жазушының қазақ әдебиетіне жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік туындысының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Осы дүлдүл қаламгердің тұңғиығының бізге есігін ашқанына, міне, 150 жыл толып отыр. Мұхтар Әуезов – қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа, қазақ әдебиетінің шыңына айналған, қазақ халқының ғасыр перзенті.

Мұхтар Әуезов – сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын,өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс,» - деп Рымғали Нұрғалиев айтқан. Сондықтан да, уақыт өткен сайын қаламгердің ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсейік.

Халқымыз таланты, болмысы бөлек дарындыларға қашан да кенде емес. Әр заманда да ел көшін алға сүйреген әр тұлғалы азаматтар болған. Сондай ерен тұлғаның бірі – есімін ерекше ілтипатпен айтуға болатын белгілі жазушы – Мұхтар Әуезов. Бір сөзбен айтқанда, оның шығармашылық қызметінің барлық қырлары туралы егжей-тегжейлі айту қиын. Мұхтар Әуезов – қайта жаңару мен өрлеу ауқымындағы тұлға. Мұндай алып тұлғалар қоғамның рухани өмірінің көптеген салаларында жарқырап жарық жұлдыз кейпінде көрінеді. Мұхтар Әуезовтың қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытудағы орны ерекше. Жазушының шығармашылығы – қазақ өнерінің кемелденуінің айғағы. Әлемдік мәдениетке қазақ халқы қандай көркемдік игіліктер қосты дегенде, ауызға алынар есімнің бірі – Әуезов. Ол – әлемдік құбылыс. Әуезов – ғасырлар бойы жиналып келген қазақ топырағындағы асыл құнарлардың жарқырап қайта көрінуінің үлгісі.

0 дауыс

Байқаймын интернетте бар нарселерді ғана сұрайды екенсің))

мына жерде

0 дауыс
Мұхтар Әуезов "Оқыған Азамат" туралы қысқаша мазмұны керек?
0 дауыс

Мұхтар Әуезов Шыңғыс болысы,Семей облысы,Абай ауданында  дүниеге келген.1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.1961 жылы 27 мамырда о дүниеге аттанған.Зор жазушы,керемет ғалым,ұлы қайраткер және профессор.

...