0 дауыс
65.0k көрілді

Балабақша. Қош келдің жаңа жыл туралы қазақша сценарий бар ма? Қош келдің Жаңа 2015 жыл

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Балалар
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Тәрбиешіге әpi қосылып:

Қала нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.

(Мерекелік музыка ойналады.)

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:

Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.

Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!

Түлкі

Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

Kipпi:

Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ биі!

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!

«Полька» биі биленеді

Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.

Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!

«Шырша жыры» жырланады.

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға келдік!
Кәне,балалармен амандасайьқ.
Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқап,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан

/Балалармен амандасады/

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./
Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайьқ.
/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.

Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.

«Аяз ата » жырланады.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.
Балалар
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.
Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.
Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?
Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.
Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.
Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде мыстан қалпына келеді)

Балаларға жұмбақ жасырады:

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
(Қар)

Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)

Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)

Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2015-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

0 дауыс

Балалардың кіруі.
Тәрбиешінің сөзі:
Тақпақтар.
Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды.
- Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша
Сендерге мен немеремді
Жіберемін асыға
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).

Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Тәрбиеші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын.
Тәрбиеші: А-а Аяз атанын немересі боласын ба?
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.

Тәрбиеші: Қандай санамақтар?
Мыстан кемпір: Қаптың тұбі тесіліп, санамақтар шашылып.
Тәрбиеші:Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.
Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.
Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Сонда кім болғаны
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.
Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.
Би:

Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Қарақшыны алып келеді.
- Міне сендердің Ақшақарларын.
Тәрбиеші: Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген.
Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын.
- Оданда жұмбақ жауабын табындар.
Жұмбақ:
Балалар: жауабын табады.
Қарақшы:дұрыс таптыңдар.
Тәрбиеші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы мыстан кемпір ме?
Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік.
Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды.

Тәрбиеші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық.
Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер бізді.
Тәрбиеші: А-а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда?
Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз.
( Босатып жібереді)
Тәрбиеші: Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар
Ақшақар көңілсіз болып кіреді
- Жаңа жылдарыңмен
Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің?
- Неге сен мұңайып тұрсың?
- Енді не істейміз?
- Балалар мүмкін тақпақ айтып, би билеп берерміз.
Тақпақ

Би
Ақшақар: Рахмет ( көңілді) қане бәріміз қосылып ән айтайық
(алыстан аяз атанын дауысы естіледі)
Аяз ата: ( құттықтайды)
- Міне менің шыршам, қашып кетті сендерге
Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршаның шамдары жанбайды. Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші.
- Шырша жанады.
Көрініс: үш шырша шығып әңгімелеседі.

Би: «Шыршалар»
Аяз ата: Рахмет сендерге.
Тәрбиеші: Аяз ата бізбен бірге ойын ойнайықшы
Балалар: Қане Аяз ата қарашы сен біздерге
Қане тауып көрші, не істегенімді айтшы.
Балалар: Қобызды ойнағанды көрсетеді.
Аяз ата; Сақалды сипадыңдар.
Балалар: Жоқ.
- үрмелі ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: Сүт іштіңдер.
Балалар: Жоқ
Пианино ойнағанды көрсетеді
Аяз ата: күрішті тазалап жатырсыңдар.

Балалар: Жоқ, пианино ойнап отырмыз.
Тәрбиеші: Аяз ата сіз қателестіңіз, сондықтан би билеп беріңіз.
Аяз ата: Ой ыстықтап кеттім қазір мен еримін.
(Балалар қарды алып Аяз атаның үстіне жабыстырады.)
Аяз ата: Қане немерем маған су әкеліп берші.
(кесенің ішінде жылтырауық) Кесені алып ішеді де, оның ішіндегі жылтырауықты ата аналарға шашады.

Тақпақтар:
Мыстан кемпір кіріп Аяз атанын таяқшасын алып кетеді.
Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді ұмыттыңыз.
Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір сен тағы өз өнеріне кірістің бе?
(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.)
- Балалар: Мыстан кемпір қайда?
- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын
Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады. Жүгіріп Қарақшы келеді, Мыстан кемпірді аяйды.

Қарақшы: Аяз ата мен саған бір сиқыр көрсетемін, ал сен Мыстан кемпірді қалпына келтір. Сиқыр көрсетеді.
Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына келтіреді.
Мыстан кемпір: Ой не болды маған, мен бір жақсылық жасағым келіп түр.
Аяз ата: Қандай жақсылық жасағын келеді?
Мыстан кемпір: Сыйлықтар сыйлағым келеді.
Осы кезде үйшік кіріп билейді.

Мыстан кемпір: Маған алдымен, шыршаға артымен қарашы, менің үйшігім.
Үйшік: Аяз ата қайда? Балаларға сыйлықтарды әкеле жатып, қабын орманда тастап кетіпті, тауып алдым.Тереземді қағып сыйлықтарды алыңдар.
Аяз ата мен Мыстан кемпір терезені қағады, оның ішінен бір сыйлық шығады.
Аяз ата: Қалғаны қайда?
Үйшік: Шыршаның астындағы қарды қағып , сыйлықтарды алыңдар.
Ал мен енді орманға кеттім, сау болыңдар.
Сыйлықтар таратылады.
Қоштасу ән айтылып, би биленеді.

0 дауыс

«Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі
Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Түсіпқалиева Айзада Мұғиқызына береміз.
Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.
1 Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!
2 Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1 Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.
2 Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.
Хоровод ән
1 Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін емес, ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан көңіл көтерейік.
2 Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады.....
( Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды.)
1 Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы ештеңе жоқ деп жауап береді.)
1 Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге болады.
Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда көресің. жәшікке қарайды.
(аржағынан биші қыздар шыға келеді.)
Жүргізуші; Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды Қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші: Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2 Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық!
(Аяз ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар; Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Жылан жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Жылқы жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.
Ақшақар; Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.
Би
(билеп жатқанда ескі жыл шығады,)
Жылқы жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2015 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.
Келесі жыл бастауын қойға берем
(Сақнаға қой шығады,)
Қой: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?
Жылқы жыл:
Мен тағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақниет
Сіздерге де мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, жылқы, қош бол.
Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән «Қош келдің жаңа жыл»
(шыршаны айнала билейді.)
Би
Аяз ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Жылқы; Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші: Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аязата: Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
Жаңа жылдық би_______________
Жаңа жылдық әнмен шыршаны айналу
Жүргізуші: Қане балалар Аязатамызды ортаға алып өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
Ақшақар: Қанекей балалар біріміздің артымызға тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ, өлең шумақтарымыз болса айтамыз.
( аязата ортада отырып балалардың өлең шумақтарын тыңдап сыйлықтарын береді)
Ән:
Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата ақшақар......
Ән
Би
1 Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2 Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақыт боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті болады.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.

0 дауыс
Қош келдің, Жаңа жыл! (2015 жаңа жылға арналған сценарий)

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Еркем - ай» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
(қол соғып киінген ата - аналар кіреді)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Г. Наргиза: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Нұрхан: Шыршамызда қаншама
Түрлі - түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.

Асылназ:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.

(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)

Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)

Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жылқы - Мұрагер
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз Ата»
Нұртай:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып.

Абылайхан:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

Қайырқұл.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Ұлан:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Ақниет:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Қ. Наргиза.
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар
Адамдардың демімен.

«Ұлпақарлар» биі

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Шаттық:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Санжар:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

Рамазан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Қуанышбек:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жылан жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, жылан қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

(жылтыр сандық ішінен жылқы билеп шығады)
Би: жылан - Елшат
- Ау, жылқыжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
(Ата - аналармен сұхбат.)
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда биші ата - аналарымыз да бар. Тамашалайық!

Би: « Үнді биі»
Жылқы - Елшат
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Жылқы - Мұрагер
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жандаулет:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Нұрасыл:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.

Би: үнді биі (Абылайхан мамасы мен ағасы)

Нұржас:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

Ерсін:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Әсел.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Әсем:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)

Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.

(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.

Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата - аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын жүректерімен қойған ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
...