0 дауыс
2.2k көрілді
Төрлет, құтты Қой жылы. Жаңа жыл қазақша сценарий керек?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән: «Кел, кел жаңа жыл
Балалардың орындауында «Мақтақыз» көрінісін тамашалайық!
Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала»
Раушан:
Құс қайтты, қыс келді
Қыс қайтты, құс келді
Айым:
Шырша сынса өспейді
Сынса шырша өспейді
Дана:
Қыста боран болады
Қыздар шәлі орамал оранар
Тәрбиеші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімді сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
(Мерекелік музыка ойналады)
Шыршаның артынын Лунтик-Сымбат, Ара-Қымбат шағады да:
Ау, жарандар, ал қарандар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Айдан келдым
Досымды да ерте келдім
Сендермен ойнап –күліп
Көп қызыққа батар едім
Секіріп билеп жүрген Лунтик пен араның алдынан Аю-Гүлжан мен Маша-Гүлжүзім шығады.
Лунтик: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін
Қасыма ертіп қызымды
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Барлығы қол ұстасып, билейды. Сол кезде қуана Смешариктер келеді. Смешариктер – Балсекер, Гүлжамал, Айгүл.
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Бәрі билеп жатқанда,
Босқа қарап тұрмайық
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Барлығы бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына Спанч боб келеді
Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдандар,
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салындар
Бәріңізге бір сәлем.
Бәрі қосылып, билейді.
Бәрі Жаңажылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шыркап, атамызды шақырайық!
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз-ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда Смешарик сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз-ата: Жарайсың, балапаным!
Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1-2-3
«Аяз ата» әнін шыршаны айналып орындау.
Ортаға тақпақтармен:
Т.Әмина:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршаның
Көптен күтіп сағынған.
Мадина:
Келді, келді жаңа жыл,
Қуанып қарсы ала біл.
Аяз ата сыйлығын,
Алайық айтып жаңа жыр.
Аяжан:
Төбемізде қарғалар,
Әрлі- берлі жүрді ұшып.
Шыршамыз тұр жасынып
Ойыншықтар тізіліп.
Көз алмай біз тамсанып
Қарап тұрмыз қызығып.
Дария:
Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы, шекері
Орасан көп сияқты.
Петр:
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Тәрбиеші:
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде
Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Ақшақар» биін тамашалайық!
Айым:
Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
Нұрайым:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Бауыржан:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
Жаңадан көп түрлі
Машина бергейсің.
Раушан:
Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз.
Айрат:
Жылдың әсем бұл шағы
Шыр айналдық шыршаны.
Шоқ жұлдыздай көктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
Ән: «Шырша жыры»
Іңкәр:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!
Әсем:
Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық!
Динара:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Білсеңіздер айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Дана:
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Шырқатайық ән - жырды.
Гүлзира:
Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Тәрбиеші: Балалар Аяз Атамен көңіл көтеріп «Орындық» ойынын ойнап алайық!
Аружан:
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы
Аяз шымшып қояды
Ақ құшағын жаяды
Қайсар:
Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.
Урсула:
Сақалының ұзын – ай
Саудыраған мұзын – ай
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы – ай.
Бекзат:
Шыршамызды әсемдеп,
Ән шырқаймыз билейміз.
Өзімізде күлімдеп
Жабырқауды білмейміз.
Гүлжаухар:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Н.Амина:
Билейміз де ойнаймыз
Балғын ұл-қыздар.
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар.
Ер балалардың орындауында «Гномдар» биі
Нұргүл:
Шанамен, шаңғымен,
Мұздарды сызалық.
Елемей ызғарды
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып.
Алинұр:
Ақ қырауға малынып
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Инабат:
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Бақытбек:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Сабина:
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Никита:
Без дедушки мороза
Снежинки не летят
Без дедушки мороза
Узоры не блестят.
Петр:
Игрушки разноцветные
Она для нас расвесила
И все глядят на елочку
И всем сегодня весело
Ән: «Қыс қызығы»
Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
АязАта: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: АязАта, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
АязАта: Қап, әттеген-ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А-а бәлем! Таптым, сандақ мында тұр екен ғой!
АязАта: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай-тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
АязАта: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал!Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?
АязАта: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
АязАта: А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтартарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
Жұмбақтар:
1.Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп Аяз
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. Мұз
3. Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады Мұз айдыны
4. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орды Қар
5.Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым
6.Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды Боран
7. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге Шана
Мыстан: Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
АязАта: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)

айдос үлгермей қалдың өзіңе өзің жауап беруден))
0 дауыс

Мына жерде

Төрлет, құтты Қой жылы !!!

Сценарий 
Төрлет, құтты Қой жылы!!!
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Құрметті ата - аналар, қонақтар және оқушылар. Жаңа 2015 жыл - "Қой жылы" бәрімізге құтты болсын. Жаңа жыл тек қана денсаулық, отбасымызға бақыт, жұмыста жаңа жетістіктер мен табыс әкелсін. Елбасымыз аман болып, елімізде тыныштық болсын. Бүгінгі жаңа жылдық кештен жақсы әсер алыңыздар. "Төрлет, құтты Жаңа жыл" атты мерекелік іс - шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1 - жүргізуші:
Армысыздар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош, келдіңдер, балалар! - дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған бүлдіршіндерді шақырайық.
2 - жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер,
Шырша сәнін көріңдер.
Әсем ән мен би билеп
Күй - жырларын төгіңдер.
2 - жүргізуші: - Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңдер, балалар!
1 - жүргізуші: - Жасыл шырша мерекесі сендер үшін, балалар!
1 - жүргізуші: Балалар, бүгін сендерді жаңа жылмен құттықтау үшін мектеп басшысы келіп отыр.
2 - жүргізуші:
Армысыз мектебіміздің басшы ағасы,
Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы.
Тамаша жаңалықтың бастауы боп
Мол болсын жаңалықтар тағы, тағы.
1 - жүргізуші:
Армысыз балалардың жақсы ағасы,
Қамқоршы жүргінің ер панасы
Біздер үшін бүгінгі ән менен күй,
біздер үшін бүгінгі сән менен сый, - дей отырып ортаға мектеп басшысын қол соғып, қошеметтеп шақырайық.
2 - жүргізуші:
Балалар, директор ағайдан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді?
Барлығы: Шырша шамы жағылсын! 3 - рет
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
2 - жүргізуші:
Құрметті халайық бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата емес пе! Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл бола ма?
1 - жүргізуші:
Дұрыс айтасың ендеше балалармен қосылып Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
Барлығы: Аяз ата, Ақшақар! 3 - рет
1 - жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
2 - жүргізуші:
Айтыспай - ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
Ән. Аяз ата (оқушылар бәрі айтады)
Аяз ата:
Амансыңдар ма, балалар!
Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын
Денсаулықтарың мықты болсын
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын
Егеменді еліміз көркейе берсін
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Аталарың сендерге
Асау желмен алысып
Шаршап келді алыстан
Ақша қар мен Ескі жыл
Олар да жүр қасымда
Өздеріңдей балалармен
Сағынысып табысқан.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақша қар!
Аяз ата: Ал, балаларым біз Ақша қар екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік. Сендер ән айтып, би билеңдер, біз дем алайық.
1 - жүргізуші:
Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз. Мына орындыққа отырып дем алыңыз.
Ақша қар: Ән айтып, би билеген балаларға беретін тәтті кәмпитіміз бар. Ал, босқа тұрмайық, көрсетіңдер өнерді, мен өзім бастап берейін.
(Ақша қар билейді. Меруерт - Жаңа жыл келе жатыр. Би)
Аяз ата: Балалар, осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?
Ақша қар: Барлығымыз қосылып Жаңа жылды ортаға шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл! 3 - рет. Музыка ойнайды. Атқа мініп билеп келеді.
1 - жүргізуші:
Асыға күткен Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Аяз ата: Амансың ба, Жаңа жыл! Балалар биылғы келген жыл - Қой жылы.
Ал, Жаңа жыл!
Келген қадамың құтты болсын!
Сән әкелген жыл бақыт жылы болсын!
Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы болсын!
Халықтар достығы нығая берсін!
Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами берейік!
Темірлан:
Қой жылы жақсылыққа бағыттаған
Қоймын мен жаңа жыл
Жаңа жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл!
Жылқы жылының мерекесін
Мерекеге жалғаймын
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.
Арым - ұят, жаным - халық
Қызметім де соларға.
Лаура:
келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Жылқы жылы мен қой жылы да ауысып,
Береке бірлік бейбітшіліктің төрінде,
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.
Ақша қар:
- Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.
Аяз ата:
- Дұрыс айтасың, Ақша қар! Ал, Ескі жыл сен құтты жыл болдың. біз ризамыз саған, Ескі жыл! Ал, сау бол, Ескі жыл!
Темірлан:
Ал, Ескі жыл, аман бол
Ізбасарың мен болам
Аман болсын деп тіле
Елім, жерім, кең далам.
Лаура:
Біздің елде өткен жылы
Жылқы жылы тыныштық
Ал ұмтылдық біз есейдік
Жақсылыққа тырыстық
Ескі жылым жылан жылы
Қош аман бол көргенше.
2 - жүргізуші:
Ал, достар бізге реніш жоқ шығар. Құрметпен жылқы жылын шығарып салайық.
Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3 - рет.
1 - жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алға тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың,
Көргендер де, көрмегенде арманда
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!
Ән: Жаңа жыл. Лаураның орындауында.
2 - жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсың ағайың.
Ән: Шырша жыры. 2 - сынып.
Лаура:
Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың
Адамдардың асқақтаған арманы
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
Би қазақша: "Ұлдар" тобы 2 - 4 сынып.
2 - жүргізуші:
Армысың, аманбысың жаңа жылым
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы келгенде сый ғып тартып
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән. 3 - сынып "Шырша жыры".
Лаура:
Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл ақ арманның өрленуі,
Жаңа жыл партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
1 - сынып оқушылар өнерін тамашалау.
Ән. "Жасыл шырша жанында"
3 - сынып оқушылар өнерін тамашалау.
Елжан:
Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз!
Би.
Лаура:
Бүгін бәріміз де өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз. Олай болса жаңа жылды қарсы алып өз туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді шақырайық.
2 - сынып:
Думан:
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да,
Өзіңді сағыңды.
Асылан:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын,
Төрлет, төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!
Сырым:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Думан:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!
Асылан:
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл,
Қарсы аламыз біз сені.
Ақ көңілмен, ақ пейілмен
Баршамыздың төрінде.
Сырым:
Сәлем беріп сіздерге,
Бар өнерді саламыз.
Өнерлі бала бар деп,
Әлемге жар саламыз.
1 - жүргізуші:
Келесі кезекте 1 - 3 - сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.
Ән. "Жас дәуірдің түлегіміз" Орындайтын: Нұрлан.
Елжан:
Мың бұралған ақ қайыңдай,
Қыздар шықсың ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қарсы алайық.
Би: Ажар, Үміт, Лаура.
Лаура:
Жаңа жыл - туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар.
Ал, мынау - мәңгібақи жаңа дүние,
О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар, - дей отырып, ортаға Алдар көсені, сиқыршыны шақырайық.
Алдар - Темірлан:
Мен, Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдармын.
Алдау деген түк емес,
Сиқыршыны да алдаймын, - деп екі қайтара әндетіп, сахнада жүреді.
(сол кезде сахнаға Сиқыршы шығады)
Сиқыршы - Асар - О, Алдеке көңілдісің ғой өзің?!
Темірлан: Неге көңілді болмасқа, бүгін бізде жаңа жылдың шырша мерекесі өтіп жатыр. Сен қайдан жүрсің?
Асар: Мен бүгін өз сиқырымды бүлдіршіндерге көрсетіп, көңілдерін көтеруге келдім.
Темірлан: Қандай сиқыр көрсетесің? Не арқылы?
Асар: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып, сиқырлы сөзді айтсаң болды, не көргің келсе соны көруге болады.
Темірлан: Өзің білесің Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымақтастығын жарастырып отырған - өзіміздің Елбасымыз. Сол ұлттар достығының белгісі ретінде әр ұлт өнерін көрсете аласың ба?
Асар: Қай елді көргің келеді?
Темірлан: (ойланып тұрып) Үнділерді көрсете аласың ба?
Асар: Бәлі, сол да сөз болып па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Үнділердің өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Музыка қосылады. Ажар үнді биін билейді.
Темірлан: Тамаша, тамаша. Сенің айнаң шыныңда да сиқырлы екен. Енді түріктің өнерін көрсетші.
Асар: Сөз боп па? Қазір (айнаға қарап)
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Түрік халқының өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
2 - сынып ұлдары түрік биін билейді.
Темірлан: Ой, ғажап екен. Енді қай халықтың өнерін көрсем болады? Өзіміздің қазақ биін көрсетші.
Асар:
Айнам, менің айнам,
Жаң - жағыңды жайнат.
Қазақ халқының өнерін
Осында әкеп сайрат
Суф, суф, суф.
Лаура, Ажар билейді (қазақша)
Темірлан: Ой, ризамын, саған рахмет. Осы сиқырлы айнаңды маған сыйлап кетші.
Асар: Жарайды, сыйладым саған айнамды. Қазақстандағы ұлттар достығы нығая берсін. Мені басқа елдің балалары шырша маңында тосып отыр соларға барайын.
Темірлан: Рахмет, саған, сиқыршым. Алыс жолға аттанып барасың, жолың болсын. Шығарып салайын.(екеуі сахнадан шығып кетеді)
1 - жүргізуші: Ал, балалар, сиқыршы мен Алдардың өнеріне ризасыңдар ма?
Бәрі: Ризамыз, ризамыз! Рахмет, рахмет.
Келесі көрініс: "Айлакер мысық"
ойын ойнау.
2 - жүргізуші:
Ендігі кезекте кішкентай бүлдіршіндердің өнерін көрсетеді. Аяз атаның балаларға беретін базарлығы бар екен.
Аяз ата: Ал, балалар, біз Ақша қар екеуіміз тамаша дем алдық, ойнадық, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер тағатсыздана тосып отыр.
Елжан: Иә, Аяз ата халқымызға бата бере кез келді ғой деймін.
Аяз ата: бата береді.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Денсаулықтарың мықты болсын!
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер! Әумин!
Ал, балалар біз Ақша қар екеуіміз аттанайық. Сау болыңыздар балалар!
Ақша қар: Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақша қар!
Елжан:
Бітуге қалды таяп - ай,
Не қыласың аяп - ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай.
Лаура: Жаңа жыл - қой жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен берекеғ қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!
Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!
Лаура: Құттықтау сөз ата - аналарға беріледі.
Сау болыңыздар.

...