Тілден қан кетсе капилляры, веналық немес артериалдық болады. Егер бірінші жағдайда болса ол өздігінен тоқтайды. Егер венаға зақым келсе тампон арқылы тоқтатуға болады, Үшінші жағдайда тек хирург ғана көмектесе алады. ақпаратты толығымен мына жерден көре аласыз http://www.kakprosto.ru/kak-129670-kak-ostanovit-krov-iz-yazyka
Жарақат алсаңыз, әуелі қолыңызды жуып, медициналық резеңке қолғап немесе полиэтиленді пакет киіп алыңыз.
• Егер жарақатыңыз айтарлықтай ауыр болмаса:
Ағынды су жарақатты тазартып қана қоймай, қанның тыйылуына да әсер етеді. Ағынды салқын судың астына жарақатты жуыңыз: қан тоқтап, тамырыңыз басылады. Есіңізде болсын: суық су мен ыстық суды кезек-кезек қолданбаңыз. Жарақатқа кері әсерін тигізеді. Салқын судың орнына қан тоқтағанша, мұз басуыңызға болады. Егер денеңізде ұсақ жара тіліктері болса, ыстық душ қабылдасаңыз, қанды жуғанмен, денеңіз дызылдайды. Сондықтан, алдымен суық сумен жуыныңыз.
1. Вазелин. Жарақаттың аузын бітеп, қанды тоқтатады. Егер, қолыңызда вазелин болмаса, гигиеналық ерін далабын пайдалануға болады.
2. Сірке суы. Мақтаға сәл сірке суын тигізіп, жарақатыңызды қан тыйылғанша баса тұрыңыз.
3. Жүгері крахмалы. Жарақат бетіне жүгері крахмалының ұнтағын себіңіз. Қан тоқтаған соң ағынды сумен шайыңыз.
4. Қант. Таңғалып отырған боларсыз! Қанттың залалсыздандырғыш қасиеті бар. Сол себепті, жараның бетіне жаймен сепсеңіз болады.
5. Өрмек. Бұған да таңдай қағып отырғаныңыз белгілі! Табиғат аясында жүріп, жарақаттансаңыз, таптырмас көмекші. Өрмекшінің ауын өрмекшісіз алып, жарақат бетіне жаймен шиыршықтаңыз!
6. Дезодорант. Алюминий хлориді бар антиперспирантты қолдануға болады. Саусағыңыздың ұшына алып, жарақат бетіне жағыңыз.
7. Чили бұрышы. Бұрыштың ащылығынан қорықпаңыз, үлкенірек қылып кесіп алып, жарақат бетіне қойыңыз. Артынша, қан тоқтаған соң, міндетті түрде суық сумен жуыңыз.
8. Аспирин. Аспиринді суға езіп, қоймалжың паста жасаңыз да, жарақат бетіне мақтамен жағыңыз. Бұл жараның ісуінің бетін қайтарады.
9. Жұмыртқаның ішкі қабықшасы. Жұмыртқаны жарып, мейлінше үлкенірек қабықша алуға тырысыңыз. Мембрананы жарақат бетіне таңып қойсаңыз, азғантай секунд ішінде қанның тоқтағанын байқайсыз.
10. Жарақатқа қауіп тимес үшін дәкемен мықтап орап қойыңыз.
Іштен қан кеткенде, ауыр сыртқы жарақат алған кезде қандай алғашқы көмек көрсету керектігін сіздермен алдағы уақытта бөлісетін боламыз.