+1 дауыс
13.2k көрілді
Әр қан тобы өкілдерінің өздеріне тән ортақ мінезі бола ма? Егер солай болса әрқайсысына сипаттама бере кетсеңіздер~

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жігітіңізді қан тобына қарап таныңыз

massaget.kz

Қан анализы - түрлі ауруларды анықтау жолында жақсы сараптама. Сондай-ақ қанның қайтобына жататындығы бойынша адамның, әсіресе жігіттің мінезі туралы нақты қортындылар жасаса болады екен.

Бірінші топ

Қаны бірінші топқа жататын жігіттер туылғанынан көшбасшы болуға бейім. Өздерінің күшіне сенімді, мақсаттарына жете алатын, кейде өзімшіл, бірақ әр кез қайсар болады. Қарым-қатынаста да өздерінің басымдылығын қалайды. Бұндай жігітті ұнатып қалсаңыз, сезіміңізді бірден білдіре көрмеңіз. Бұл топ жігіттерін "аңшылар" деп босқа атамаған. Одан әр кез қашып, жүрегіңізді қайта жаулатуға мәжбүрлеңіз. Басқа жағдайда оны бір рет қызықтырып қана қойып, қарым-қатынастарыңызды ұзаққа жалғастыра алмайсыз. 

Бұндай жігіт сіздің көңіліңіздің жиі ауысуын, кез келген еркелігіңізді, ұрыстарды көтере алса да, онымен бәсекелескеніңізді кешіре алмайды. Ол өзінің басты екенін түсінуі керек. Қиын мәселелерде өзіңіздің нәзіктігіңіз бен сыпайлығыңызды танытып, соңғы шешімді жасауды жігітке тапсырыңыз. Бірінші топ жігіттерінің арасында ессіз қызғаншақтар өте көп.

Екінші топ

Қандары екінші топ жігіттер бақылаушы, пайымдаушы. Олар мейірімді, сабырлы, байсалды, бірақ кейбір жағдайларда батылы аз болады. Олар басқалардың пікіріне тәуелді, кейде жігерсіз келеді. Ұнатқан жігітіңіздің қан тобы 2-болса, қарым-қатынас тізгінін өз қолыңызға алуға тура келеді. Бұл жігіттер болашақта керемет жар бола алады: олар өзінің өмірлік жолдасын, балаларын өлердей сүйеді. Алайда олардың қолдарынан романтикалық тосын сыйлар, ессіз ойлар келе бермейді. Бұл сұрақтарды өзіңіз шеше алсаңыз, екеуіңізден жақсы жұп шыға алады.

Ең бастысы бұндай жігітті қызғандырмаңыз. Бұл қарым-қатынасыңызды оңайлықпен бұза алады. Сүйіктіңіз сізді қайта жаулағанша, бәрін тастағанды жөн көреді. 

Көп жағдайда қаны екінші топқа жататындардың өмірінде толықтай гармония орын алады. Бұл олардың шыдамдылығы мен сабырлығының жемісі. Алайда олардың жақсылап дем ала алмау қасиеті денсаулығымен қиындықтарға да әкеле алады.

Үшінші топ

Қандары үшінші топқа жататын жігіттер нағыз дипломаттар. Олар жаңалықтарға ашық, саяхаттағанды жақсы көреді. Көңілді, көпшілікпен оңай тіл табысады, достары көп болады. Алайда олар жалғыз да өмір кеше алады. Кейде оңаша қалғанды жөн көреді. Бұл жігіт қасыңыздан әр минут табыла береді деп күтпеңіз.

Бұндай жігіттің мойынына ілінбеңіз, оған кейде жалғыз қалуға да мүмкіндік беріңіз. Оған сіздің де көпшіліктің көңілінен шығатын көңілді жан болуыңыз маңызды. Бұндай жігіттің қасында ұзаққа қалғыңыз келсе, өзіңізді ылғи дамытып, жаңа қызығушылықтармен айналысыңыз. Ұрыс кездері эмоцияға берілмей, нақты заттар айтуға тырысыңыз, себебі бұл жігіт эмоцияларды мүлде түсінбейді. 

Индивидуалист бұл жігіттер өз интуициясына ғана сенеді. Көп жағдайда интуициясы оған көмекке келеді. Алайда өз күшіне тым сену қиындыққа әкеле алады.

Төртінші топ

Бұл жігіт алдыңғы үш топ жігіттерінің қосындысы, әмбебап үлгісі. Олар байсалды да, мылжың да, менмен де, ақкөңіл де бола алады. Алайда олардың көбісі басқаларға жаны ашитын, тыңдай, түсіне алатын керемет кеңесшілер.

Қандары 4-топқа жататын жігіттер ерекше тартымды, сымбатты болады. Бір қарағаннан ғашық қылдыратын жігіттер де осылар. Олар мықты отбасының іргесін қалағанда қалайды, алайда біркелілікті ұнатпайды. Достарының арасында ерекшеленіп тұратын олар көп жағдайда шешім жасауға қорқып тұрады.

Бұндай жігітпен ұзақ баянды ғұмыр кешемін десеңіз, түрлі бола біліңіз. Шаш сәнін, киім сәніңізді, макияжыңызды жиі ауыстырып, жаңа қызығушылықтар іздеуден шаршамаңыз.

I қан тобы

Бұл топтағы адамдар барлық іске бірден жармасып алғанымен, ешқайсысын аяғына дейін жеткізіп орындай бермейді. Есесіне, ол жұмысты орындайтын адамдарды таба алады. Өздеріне бұйрық бергенді ұнатпағанымен, өздері басқарғанды жандары сүйеді. Сол себептен, олардан мықты басшы шығады. Олар үнемі алда жүретін адамдар. 1 қантобындағы адамдар үнемі әрекет үстінде жүреді. Және олар сүйіктілеріне барынша адал.

I топтағылар II не III қан тобындағы адамдармен жақсы жарасады. 

II қан тобы

Бұл топтағы адамдарға көбіне кеңес алу үшін жүгініп жатады. Олар өздерінің проблемаларына қарағанда, жұрттың қиындықтарын жақсы шешеді. II қан тобындағылар адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алады. Сезімтал. Олар көбіне жүрек, көз ауруларына шалдығады.

I мен IV қан тобындағылармен үйлесе кетеді. 

III қан тобы

Олар асқан дәлдікпен шындап кіріскен ісінің түбіне жетпей қоймайды. Сондықтан, олардан жақсы із кесуші, қорғаушы, салық полициясының қызметкері секілді құпияны ашуды қажет ететін мамандық иелері шығады. Көбіне өзімшіл адамдар. Бұл топтағылар әдетте жұтқыншаққа қатысты аурулардан жапа шегеді.

I мен IV қан тобындағылармен жүректері жарасым табады.

IV қан тобы

Бұл топтағылар көбіне зерттеуші, ғалым секілді мамандық иелері болып жатады. Бұлар үшін ғылым әлемі таптырмас мамандық. Өйткені, олар табиғаттан өте ақылды болып жаралады. Және өте төзімді. Көбіне адамдармен араласпай, жалғыз жүргенді ұнататын жандар. 

II, III қан тобындағы жандармен көтерген шаңырақтары берекелі болмақ.

Бұл зерттеуші топтың болжамы ғана. "Жазмыштан озмыш жоқ" десек, қан тобының сәйкессіздігі бақытты болуға кедергі бола қояр ма екен?..

*

Әр адам өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы біледі. Бірақ қан тобы адам мінезініңқандай екеніне әсер ететінін білмеуі мүмкін. Ал қан тобы мінез қалыптастырушы фактор болып табылады екен.

Мысалы, бірінші топтағы қан иелері – рухани мықты болып келеді. Тумысынан көшбасшы, өмірге әрқашан құштарлықпен қарайтын жандарды кездестірсеңіз, олар осы бірінші топтағы қан иелері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, олар өздеріне айтылған сынды ұната қоймайды, өте ауыр қабылдайды. Есесіне, олар кездескен қиындықтардан қорықпайды, мойымайды. Және бір ерекшелігі, түрлі адамдармен тез тіл табысып кете алады. Сонымен қатар, сырқат не жаралы адамдарға қан құю қажет болса, оның қай топтағы қан иесі екеніне қарамастан, бірінші топтағы қан – кез келген адамға құюға лайық болып табылады.

Қаны екінші топтағылар ерекше ұқыпты, жүйелі істі қалайтын және өте жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие болып келеді. Мінездері өте жайлы болғандықтан, кез келген ортаға тез сіңісіп кетеді. Мінездеріндегі және бір ерекшелік, қиналса да, күйзелсе де, сыртқа білдірмеуге тырысады, сырт көзге бәрін жақсы сияқты көрсетіп, не болса да, ішіне сақтап, ештеңе білдірмей жүре береді. Бірақ, бір көтерілсе, ашуымен тау қопара алады екен.

Үшінші топқа жататындар – нағыз шығармашылық адамдары. Жан дүниесі қиял мен фантазияға бай, оларды өзі кіріскен іске барынша қолдануға тырысатын жан. Алайда бір кем тұсы – өте тұйық, адамдармен тіл табысуы қиын болып келеді. Қиялшылдығынан болар, көпшілік ортасынан гөрі, оңаша болғанды ұнатады. Сырт көзге сабырлы көрінгенімен, олардың ішінде алай-түлей дауыл соғып тұрады.

Ең сирек ұшырасатын қан тобы – төртінші топ болып табылады. Бұл қан тобының иелері – таптырмас ұйымдастырушылар. Мінезі адал, ақ көңіл болып келетін бұл жандар әрқашан көпшіліктің ортасында жүреді. Бір кереметі, адамдарды ешбір алаламай араласатын болғандықтан, олар кез келген ортаның ішінде бойы озық тұратын, отырыстың гүлі болып келеді.

осындай керек емес ақпаратты қайдан алғансын!
Белгісіз
0 дауыс
Адамның мінезі алған тәрбиесіне маңызды.
0 дауыс
Гуглдетпей ақ қояиын)) Өз ойым: Олай бола қоймас, мінез ана құрсағында жатқаннан бастап қалыптасады...
0 дауыс
Адамның мінезі кан тобына емес, берілген тәрбиенің нәтижесінде шығады.
+2 дауыс

Иә, мен де сондайды естіп едім. 

Әр адам өзінің қандай қан тобына жататынын жақсы біледі. Бірақ қан тобы адам мінезінің қандай екеніне әсер ететінін білмеуі мүмкін. Ал қан тобы мінез қалыптастырушы фактор болып табылады екен.

Мысалы, бірінші топтағы қан иелері – рухани мықты болып келеді. Тумысынан көшбасшы, өмірге әрқашан құштарлықпен қарайтын жандарды кездестірсеңіз, олар осы бірінші топтағы қан иелері болуы әбден мүмкін. Дегенмен, олар өздеріне айтылған сынды ұната қоймайды, өте ауыр қабылдайды. Есесіне, олар кездескен қиындықтардан қорықпайды, мойымайды. Және бір ерекшелігі, түрлі адамдармен тез тіл табысып кете алады. Сонымен қатар, сырқат не жаралы адамдарға қан құю қажет болса, оның қай топтағы қан иесі екеніне қарамастан, бірінші топтағы қан – кез келген адамға құюға лайық болып табылады.

Қаны екінші топтағылар ерекше ұқыпты, жүйелі істі қалайтын және өте жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие болып келеді. Мінездері өте жайлы болғандықтан, кез келген ортаға тез сіңісіп кетеді. Мінездеріндегі және бір ерекшелік, қиналса да, күйзелсе де, сыртқа білдірмеуге тырысады, сырт көзге бәрін жақсы сияқты көрсетіп, не болса да, ішіне сақтап, ештеңе білдірмей жүре береді. Бірақ, бір көтерілсе, ашуымен тау қопара алады екен.

Үшінші топқа жататындар – нағыз шығармашылық адамдары. Жан дүниесі қиял мен фантазияға бай, оларды өзі кіріскен іске барынша қолдануға тырысатын жан. Алайда бір кем тұсы – өте тұйық, адамдармен тіл табысуы қиын болып келеді. Қиялшылдығынан болар, көпшілік ортасынан гөрі, оңаша болғанды ұнатады. Сырт көзге сабырлы көрінгенімен, олардың ішінде алай-түлей дауыл соғып тұрады.

Ең сирек ұшырасатын қан тобы – төртінші топ болып табылады. Бұл қан тобының иелері – таптырмас ұйымдастырушылар. Мінезі адал, ақ көңіл болып келетін бұл жандар әрқашан көпшіліктің ортасында жүреді. Бір кереметі, адамдарды ешбір алаламай араласатын болғандықтан, олар кез келген ортаның ішінде бойы озық тұратын, отырыстың гүлі болып келеді.

 

–1 дауыс
ӘрИНЕ ҚАН ТОПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
–1 дауыс
мінездің қан тобына түк қатысы жоқ,
...