+1 дауыс
76.0k көрілді
Теңеу, портрет, диолог, мақал, эпитет, суреттеу дегеніміз не?

8 жауап

+1 дауыс
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады
мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді
0 дауыс
диолог 2 адамның сөйлесуі, мақал еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей дегендей,
0 дауыс
Эпитет дегеніміз-қандай деген сұраққа жауап береді,Ал теңеу дегеніміз--дай,-дей,-тай,-тей,сияқты,ұқсас дегендей,Келесі, мақал-ауыз әдебиетінің 1саласы.Мақал көбінесе ақыл түрінде айтылады.Диалог-екі адамның сөйлесуін айтады.Суреттеу-бейнелеу деген ұғым,Портрет-адамның суреті.
+2 дауыс

Теңеу-кейіпкер бейнесін ашудағы көріктеу құралдарының маңызы.Затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым.

Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.

Диалог – (гр. διάλογος) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.

Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.

Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді

Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз.

Мақал – толық аяқталған ой бөлігі, онда тәжірибе жүзінде дәлелденген белгілі бір тақырыптағы тәлім-тәрбиелік ой, қағида көрініс табады

0 дауыс
Метафора, эпитет теңеуге мысал келтіріңдерші
0 дауыс
Мөлдіреп тұнып ауа таңғы уақыт, Дүние демін алып қалды жатып. Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға Көз ілді ұйқы жеңіп балбыратып. Келеді алтын сағат көтеріліп, Бастауға кең әлемнің жұмыс күнін. Ерекшеленіп берілген мына эпитетті тіркестер өлеңге өң береді.
0 дауыс
теңеу дегеніміз екі затты немесе құбылысты салыстыру
эпитет дегеніміз елестету немесе бейнелі түрде айту
Метафара ұқсастыққа байланысты ауыстырып айту
0 дауыс
Диалог- екі не одан да көп адамдардың әңгімесі.

Ұқсас сұрақтар

...