+2 дауыс
996 көрілді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін телеарналарда көрсеткен 8 журналистпен сұхбатта не айтты?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

- Бұрын Қостанайдан Ақтөбеге пойызбен бару үшін Ресейге 3 рет кіріп-шығып, 2 рет құжат тексеретін еді. Біз шығын болсақ та, жол салдық.
- Кезінде Түрксібті салды, қазір де соның игілігін көріп жатырмыз. "Нұрлы жолды" саламыз, оның қызығын мына балалар, сендердің балалар да қызығын көретін болады..
- Терроризмді исламмен байланыстырудың еш қисыны жоқ. Ислам араб тілінен аударғанда бейбітшілік дегенді білдіреді.
- ИГИШ-ті қараңыз. Еуропалықтар сонда жүр. Қаншама француз бар құрамында. Сондықтан, ол жерде ұлттық ұғым жоқ. Ал шын терроризм шықса, оны жау деп санау керек, күресу керек.
- Құранда "Бір адамды өлтірсең - адамзатты өлтіргенің" деген аят бар. Ендеше, бұл жерде қандай терроризмді көріп тұрсыз?
- Біздің ұрпақ білуі керек: біз еш жерден ауып келген халық емеспіз. Кемі екі мың жылдық тарихымыз бар. Бұған мақтану керек.
- Қазақ хандығының тарихында ең көп соғысқан Қасым хан шығар. Жерді кеңейту үшін. Сосын Хақназар хан. Осыны біз білуіміз керек
- "Мәңгілік ел" деген айтқанмен орындалмайды. Мәңгілік елдің жастары сауатты, экономикасы мықты, қару-жарағы күшті болуы керек. Бұл идея бізді біріктіру керек.
- Украина дағдарысы әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан болды. Ал билікке көңілі толмаған халықты кез-келген күш қолданып кете алады. Қарап тұрсаңыз, украин, казак пен қазақтардың арасында ұқсастық көп. "Қарауыл", "майдан" - бәрі түркі сөздері.
- Менің алдымда тізімдер жатыр. Украина нені қалайды? Ресей нені қалайды? Еуропа нені қалайды? Осылардың түйісетін мүдделерін іздеу – менің міндетім. Мен бұл жағдайда бәрінің де мақсатын көздейтін адал менеджер сияқтымын)
- Қандай дағдарыс болса да, мемлекеттік әлеуметтік жауапкершіліктен қашпайды. Зейнетақы, жалақы, тағы басқасы бар - кемімейді.
- Киімді теңгеге аламыз. Тамақты теңгеге аламыз. Салымдар сақтандырылған. Арнайы қор бар ол үшін. Мұнай құны түссе де, қор бар. Несіне қорқамыз?
- 1991-1995 жылдары Қазақстаннан 3,5 миллион адам көшіп кетті. 600 мыңы Германия кетті. Олардың ешқайсысын ұстаған жоқпыз..
- Жыл сайын бірінші сыныпқа 265 000 оқушы барады. Бұл Орал деген қаланың халқына тең. Егер жылына бір қалаға артып тұрсақ, бұл жақсы емес пе?
- Демографиялық өсімді әдетте 3-ші, 4-ші бала береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңу дерегіне қарасақ, мықты, дарынды балалар көбіне 4 балалық отбасыдан шығады. Одан әрі шамасы бәсеңдей береді-ау) Бірақ, 10 балалық отбасылардан да мықтылар шығып жатады
- Біз битумды Башқұртсаннан әкелетінбіз, қазір өзімізде. Бұрын электровоз құрастырмайтынбыз, вагон жасамайтынбыз, қазір бәрі өзімізде. Қашан бұлай болып еді? Өскемендегі аутозауыт бір жылда 37 мың көлік шығарды....
- Әлемде 7 миллиард адам болса, 3 миллиарды жұмыс іздеп жүр. Соның 1 миллиард 200 миллионы өзіне ұнаған қызметте. Қалғаны іздеп жүр.
- Алматыда Қысқы олимпиаданы өткізу туралы менде басқа адамдардағы сияқты күмән бар. Бірақ былай қарасаң, бізде біраз спорт кешені дайын екен. Мұз сарайы, трамплин дайын. Иә, бобслей трассасын салуға біраз ақша кетеді. Ол жоқ бізде.
- Қазір олимпиаданы өткізуге ниеттілерден Қытай мен Қазақстан қалды. Егер олар ұтып кетсе, мен ренжімеймін. Бірақ, біз ұтып кетсек, сіздер ренжімеңіздер деп өткенде басшыларына айттым. Халықаралық олимпиада комитеті 1 миллиард доллар бөледі, айтпақшы
- Бізде кең жер, көп қазба бар. Бірақ, индустриализация арқылы мұнай-газ, темірді барынша өңдеуіміз керек. Қытай бізге 15-20 зауыт салып береді. Өңдеу бойынша.
- Біз баяғы хандардың жиынтығымыз. Қазіргідей келісілген шекарасы болмады. Тұрақты әскері болмады. Бірақ осы кең жерді сақтап қалды.
- Менің балаларым да компьютерде отырады. Бірақ, негізінде кейін кітап оқығандар компьютерда отырғандарды басқарады. Білім – кітапта.
- Қазақтың барлық тарихы - бірігу тарихы. Әйтпесе, мына жерді қалай сақтап қалды? Бізді бөліп тастағанда ғана жау жеңді
- СССР-ды қайта құрамын деген адамның миы жоқ. Қазір кез-келген оқушыдан Ленин не Марксті сұраңыз.. білмейді. Біліп керек те емес
- ЕуроОдақпен қарқынды сауда-саттық жасауға келісімге қол қойдық. Бұл 8 жылғы еңбектің нәтижесі. ДСҰ-ға кірудің негізгі келісімдері бітті. 160-тей елдің барлығымен келісім шығу оңай емес. 15 жылдық еңбектің нәтижесі.
- Биыл жазда бір апта демалдым. Сонда сурет салып көрдім. Кейін Сарыағашқа барып, сол маңның пейзажын салдым. Кішкентай полотноға 3 сағатым кетті
- Қазір соғыс болып жатқан елдерді тәуелсіз ел деп айту қиын. Тәуелсіздік еңбекпен келеді. Еңбек пен тәуелсіздік - бір ұғым.
- Ақша саған, иә, біршама деңгейде тәуелсіздік береді. Бірақ жеңіл келген ақша жеңіл кетеді. Ал ми мен қабілетті ешкім тартып ала алмайды.
- 1998 жылы мұнайдың бір баррелі 10 доллар болатын. Ал қазір бағасы 60 долларға түсіп еді, ойбайлап жатырмыз. Біз мұның бәрінен өткенбіз кезінде..
- Қазір экономикалық еңбектерді жиі оқимын. Соңғы оқыған кітабым - Жак Атталидің "Болашақтың қысқаша тарихы". Сосын танымал саясаткерлердің мемуарларын оқимын. Олардың өмірлеріне қарап отырып, бізге керек тұсын алуға болады.
- Аллаға шүкір, ата-анам маған жақсы ген берді. Тауда өстім. Спортпен айналыстым. Мұндай ауыр жүкті денсаулығында кінәраты бар адам көтере алмайды. Мен нағыз шаруаның баласымен. Костьюмерім де, стилистім де жоқ. Бәрін өзім жасаймын.

Красиенконың есебіне сенсек, Елбасы биыл 40-тай мемлекеттің басшысымен кездесіп, әуеде 120 000 шақырым ұшыпты, жалпы ұзақтығы аспанда 7 тәулік болған. Бұл тек тәнге келетін күш, ал миға келетін ауырпалықты Красиенко да есептей алмас... Елбасымен сұхбат логикалық жағынан Ұлытаудағы сұхбатты қайталады, биылғы жылды қорытындылады, келер жылға бағдар берді.

Ақпарат көзі: Өркен Кенжебек

+1 дауыс
Құдай бізге дана Елбасын берген ғой.
Дұрыс айтасың
...