Неге адамдар көп, адамдық аз?
Неге жамандар көп, жақсылық аз?
Неге "әкім болсам" дейтіндер көп,
Адам болғысы келетіндер аз?
Неге ақымақ көп, ақылды аз?
Жүректі мазалар сұрақтар көп, жауап аз.
Бір-біріне ғашық болғандар көп, бақытты болғандар аз.
Неге шын сүйгендер қосылмайды?
Алғашқы махаббат неге ұмтылмайды?
Неге сен сүйген адам сені сүймейді?
Неге? Неге?
Бақыт туралы ойлайтындар көп, бірақ өз бақыты үшін күресетіндер аз.
"өмір бір-ақ рет беріледі" дейтіндер көп, бірақ оған жете мән беретіндер аз.
өйткені дұшпаның сыртта емес, жаныңда екенін білгенде күйзелетінің рас,
өйткені басыңа қара түнек орнағанда ғана адамды танисың.
Ия, Қойылар өмір сұрағы көп, берілетін өмір аз....