Тілеймін таңның нұрлы шапағатын,
Сол нұр ғой бар әлемге таралатын!
Тілеймін тағы өзіңе қабыл алшы
Көлдегі қос аққудың махаббатын!
*
Сәттіліктер серік боп,
Бұлт баспасын көгіңді.
Тілегіміз қабыл боп,
Биіктерден көрінген.
*
Жүрегің таза болсын, ақ болсын,
Көңілің көтеріңкі, шат болсын.
Достарың одан ары көбейіп,
Басыңа таусылмайтын бақ қонсын.
*
Өмір көркі – жастық шақ,
Жайна, құлпыр, жалын ат.
Тілеймін саған үш тілек:
Өмір,
Бақыт,
Махаббат.
Тілеймін болашағың жарық болсын!
Әр кезде жас жүрек жырға толсын!
Алдағы арманың орындалып,
Басыңа бітпес дәулет, бақыт қонсын!
*
Күздей салқын сабырлық,
Жаздай ыстық махаббат,
Қыстай мықты денсаулық,
Көктемдей әсем сұлулық.
*
Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шаққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы біресе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын жұлдыздар болады. Мұндай жұлдыздардың иелері айналасына жылу мен шапағат нұрын төгіп тұратын ізгі жандар болса керек.
Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады.
Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!
*
Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын.
Екі тойың қабат болсын,
Достарың берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шәйің қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпандарың қаша берсін (Шәмшінің тілегі)
*
Қазақстанда Алматы деген әсем қала бар, сол қаладай әсем, әдемі бол. Сол Алматының төресінде Алатау деген тау бар, таудың биік шыңында аппақ қар бар, сол ақ қардай көңілің ақ, пәк болсын. Таудан төмен түссең орман бар, сол ормандай достарың көп болсын. Сол орманының ішінде сарқырап аққан өзен бар, сол өзендей махаббатың мөлдім, таза болсын. Сол орманнан кішкене төмен түссең бір ұзын, түзу жол бар, сол ұзын жолдай ғұмырың ұзақ әрі түзу болсын! Туылған күніңмен!