+1 дауыс
15.9k көрілді
Қазақ хандығын ең алғаш кім құрған?Қай хан?

15 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына жерден оқы 

0 дауыс
Керей мен Жәнібек құрды
0 дауыс
Керей мен Жәнібек құрған
0 дауыс
Керей мен Жәнібек.Оны білмегеніңіз ұят
0 дауыс
ЫЫЫЫЫЫЫЫЫ, ЕҢ ҚИЫН СҰРАҚ)))) Керей мен Жәнібек қой
0 дауыс
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Астана қаласындағы Жәнібек пен Керей мүсіні

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

[A.]
Қазақ хандығының құрылуы.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
0 дауыс
Көшпелі Өзбек хандығынан бөлініп шығып Жәнібек пен Керей хан құрады.
0 дауыс
Әз-Жәнібек қай Жәнібек? Әз-Жәнібек хан тарихы тәуелсіздік жылдарында зерттеушілердің, ғылыми-көпшілік қауымның қызығушылығын оятып, жұртшылықтың назарын өзіне аудара бастады. Аталмыш мәселе туралы соңғы жылдары жаңа көзқарастағы пікірлер көтеріліп, бірнеше мақалалар дүниеге келді. Мұны мойындамау-ақиқатқа қиянат. Тарихшылар Ж.Артықбаев, Б.Ермұқанов, И.Шәмшәтұлы, Т.Омарбеков, Ш.Омарбеков, Б.Кәрібаев, М.Қасенов, жазушы Қ.Салғараұлы, ақын Б.С.Қошым-Ноғай т.б. [1] бірауыздан Алтын орда ханы Өзбекұлы Жәнібекті (1342-1357) Әз-Жәнібек деп ортақ шешімге келгендей болды. Осыған қарамастан соңғы кезге дейін, әсіресе әдебиетші-ғалымдарымыз тәуелсіздік жылдары жарық көрген тарихшылардың зерттеулерін «айналып өтіп», қазақ ханы Жәнібекті Әз-Жәнібек ретінде бейнелеп, Асан Қайғы бабамызды соңғысының бас уәзірі һәм ақылшысы етіп көрсетуді әдетке айналдырды. Қарапайым оқырманды былай қойғанда, кәсіби мамандардың өзі шатаса бастады. Жәнібектанудағы «ақтаңдақтардың» ақиқатын аршып алу қай зерттеушіге де оңай болмай тұр. Оның бірнеше себептері бар. Негізгісі, деректердің жұтаңдығы, екіншісі, осы мәселеге қатысты алғашқы зерттеулердегі жаңсақтықтар, үшіншісі, Асан Қайғы заманынан жеткен жыр-аңыздарды талдаудағы кереғарлықтар. І. 1. Жәнібектанудағы жаңсақтықтардың сыры неде?Сонымен, Жәнібек хан хақында алғаш пікір білдіргендердің бірі ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов қазақ сұлтандарының шежіресін Орыс хан – Қойрұшық (дұрысы Құйыршық – Ж.Ж.) – Барақ хан – Әз-Жәнібек деп анықтаса [2],1911 жылы Орынбор қаласынан басылып шыққан еңбегінде Ш.Құдайбердиев: «...Құйыршық ханның баласы – Барақ хан. Оның екі баласы Дәруиш һәм Абусағид хан. Әз-Жәнібек хан аталған осы Абусағид еді. Қазақты ертіп алып Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан Әз-Жәнібек осы еді» [3],- деп ұғынады. Көрнекті қазақ ғалымы мен ойшылының осы бір жаңсақ пайымы алдағы қателіктерге жол ашты. Қазақ хандығының негізін Кереймен бірге қалаған Жәнібек сұлтан тарихи әдебиетте еш күмәнсіз «Әз-Жәнібек» атала бастады. Шәкәрім Құдайбердіұлынан бір жыл бұрын Қазан қаласында жарық көрген «Тауарих-и хамса-йи шарқи» (Шығыстың бес елінің тарихы) деген еңбегінде белгілі тарихшы Құрбанғали Халид Өзбекұлы Жәнібек хан хақындағы баянын төмендегіше түйіндеді: «Жәнібек хан өте әділ, шарғи мәселелерге жетік кісі болуымен «Әз Жәнібек хан» лақабын алған. Әзіз Жәнібек деген сөз, бұл халыққа аса әділдігімен беделді болып көріне білген. Әзіз-арабша «ғазиз» - қымбат, қадірлі деген сөз» [4]. Өкінішке орай, тарихшының дер кезінде айтылған шынайы пайымдамасы зерттеушілердің назарынан тыс қалды. http://e-history.kz/kz/contents/view/2670
0 дауыс
Керек мен жәнібек
0 дауыс
Керей мен жанибек курды
0 дауыс
Керей 1нші хан

Кенесары соңғы хан
0 дауыс
Казак кандығын 1465-1466 жылы Керей мен Жәнібек хандар курған.
0 дауыс
Керей мен Жәнібек құрды. Бұны білмегенін ұят ғой..
0 дауыс
Керей мен Жанiбек
0 дауыс
Керей мен Жәнібек 1458
...