Салалық қауымдастықтардың атқаратын ролі қандай?

0 дауыс
342 қаралым
Ел экономикасында үкіметтік емес бизнес ұйымдардың, соның ішінде салалық қауымдастықтардың атқаратын ролі қандай?
Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс

Шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасау үшін халықаралық, аймақтық және ұлттық қауымдастық нарығын, салалық қауымдастықтардың тәжірибелік қызметін шынайы дамына ықпал ету керек. Әлемдік тәжірибеде іскерлік бағыттағы мұндай ұйымдар бизнесті түрлі қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік институттармен байланыстырудың тиімді механизмі болып табылады және олардың кез келген елдің экономиксын дамытуда атқарар рөлі өте жоғары. Жекелеп алғанда, осы міндеттерді іскерлік туризм салалық қауымдастықтары мен кездесу индустриялары атқарады. Батыстық корпорацияларда кездесетін тәжірибелер сараптамасы көрсетіп отырғандай, жауапты компаниялардың басым көпшілігі үкіметтік емес бизнес-бирлестіктердің, соның ішінде туризм саласы бойынша, маңызды жобалары мен бағдарламаларына үнемі қолдау көрсетіп отырады. Әлем бизнес-лексиконында «ұжымдық азаматтық» деген түсінік бар. О компанияның өмір сүруі мен қызметінің жалпы экономикалық принциптерін және оның әсіресе өзі жұмыс істейтін қоғамы алдындағы жауапкершілігін айқындайды.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы