0 дауыс
446 көрілді
Салалық қауымдастық қызметінің ерекшелігі неде?

1 жауап

0 дауыс

Комапнияның мүмкіндігі мен әлеуетін тиімдірек пайдалануға жағдай жасайтын өзіндік қызмет көрсету саласы жағынан бір-біріне ұқсас құрылымдар мен ұйымдарды біріктірудің бірнеше түрі бар. Нақтырақ айтқанда, фирмааралық интеграцияның «қатаң» және «жұмсақ» ұйымдастыру түрлерін бөліп қарастыруға болады. «Қатаңға» концерн, тресттерді, ал «жұмсаққа» - қауымдастықтар, консорциум, стратегиялық альянстарды жатқызуға болады. 
«Жұмсақ» түрі халықаралық, аймақтық және ұлттық бірлестіктер үшін, әсіресе іскерлік туризм үшін қолайлы. Олар бірлескен қызметті әр жетекшінің өз заңдық және іскерлік еркіндігін сақтай отырып жүргізуге мүмкіндік береді. 
Ассоциация – ортақ шаруашылық, ғылыми, мәдени немесе басқада, жиі жағдайда коммерциялық емес ,мақсаттарға жету үшін заңды және жеке тұлғалардың өз еріктерімен бірігуі. 
Ассоциация үшін келесі басты ерекшеліктер тән: бұл компанияның ең «жұмсақ» интеграциялық түрі болып табылады; ол кеңес беру негізіндегі қызметтерді кооперациялау мақсатында құрылады; белгілі бір қызметтерін, көп жағдайда ақпараттық қасиеттерін ортақтандыруға да болады; ассоциацияның барлық мүшелері шаруашылық еркіндіктері мен заңды тұлға ретіндегі құқықтарын және т.б. толық сақтап қала алады.

...