Қызмет көрсету деңгейі мен бөлмелерді жабдықтау түрлі қонақ үйлерде оның ресми санатына қарай әрқалай жүзеге асады. Әлемде қабылданған қонақ үйлер классификациясына байланысты, қонақ үй санатының айырмашылығы оның «жұлдыз» санына қарай анықталады.
5*-4* - әр нөмірде: TV, тоңазытқыш, былау/дәретхана бөлмесі, фен, нөмір ішінде шағын бар, күнсайынғы бөлме жинау, төсек жабдықтары мен орамалдарды ауыстыру, қонақ үй маңында бірнеше мейрамханалар мен барлардың болуы, 24 сағат бойы қызмет көрсету, бизнес және спорттық-сауықтыру орталықтары, автомобильді жалға беру, валюта айырбастау және тағы басқа қосымша қызметтер.
3* - әр нөмірде: TV, тоңазытқыш, кондиционер, былау/дәретхана бөлмесі, күнсайынғы бөлме жинау мен орамал айырбастау, төсек жабдықтарын 3 күнде бір рет ауыстыру, дәмхана, мейрамхана, қызмет көрсету уақыты таңертеңгі сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін, бизнес орталық.
2* - TV, тоңазытқыш, былау/дәретхана бөлмесі, төсек жабдықтары мен орамалды 3 күнде бір ауыстыру, мейрамхана немесе дәмхана, таңертеңгілік ас ішу кезінде ғана қызмет көрсету.
Қонақ үйлерінің қызмет көрсетуі мен нөмірлерінің деңгейі сіз барған елге аса байланысты.