Мәлімет мына сілтемеден алынды.
http://dinislam.kz/publ/msylmandara_zhaa_zhyldy_tojlaua_bola_ma/21-1-0-482
МҰСЫЛМАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫ ТОЙЛАУҒА БОЛА МА?
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа лайық. Пайғамбар Мұхаммадқа, оның сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!
Соңғы кездері басқа дін өкілдерінің мейрамдары жайында көп сұрақтар қойылады, Шариғат бойынша оларды тойлауға, қатысуға, сыйлықтар алып-берісуге болады ма деген сияқты.
Барлық мұсылмандарға ескертіп кетейін, біздің мұсылман жамағатында тек екі ғана мейрам бар, ‘Ид аль-адха – Құрбан айт және ‘Ид аль-фитр – Ораза айт. Және осыған қосымша әр аптада болатын мейрам – жұма. Бұл күні Адам ата жаратылды, және осы күні жерге түсірілді, жұма күні ақірет басталады. Және де басқа да оқиғалармен байланысы, артықшылықтары бар, жақсы істер жасаған лайығырақ. Басқа мейрам жоқ. Сондықтанда Аллаһ елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) сахабаларымен Мединаға көшіп барып, оның тұрғындары мажусилердің мейрамын тойлап жатқанын көргенде бұнда қатысуға қатаң тиым салды, сосын жоғарыда айтылған екі мейрамды атап, біз мұсылман тек екі ғана мейрамды тойлаймыз деді.
Осы және басқа да шариғат қағидаларына сүйеніп Ислам ғұламалары христиандардың, яһудейлердің, мәжусилердің мейрамдарын және басқа да шариғатта жоқ мейрамдарды тойлау харам деп айтқан. Және бұл тойлауға қатысу, сыйлықтар жасау, соған байланысты шаралар жасау сияқты әрекеттер де харам болып саналады. Атақты ғұламалардың бірі Ибн-Қайим аль-Джаузия (радыаллаһу анху) айтқан: «Барлық танылған ғұламалар мен 4 негізгі мазһаб жолын ұстаушылар бір ауыздан мұсылмандарға кәпірлердің мейрамына қатысуға болмайды деген пікірге келген». Және де айтты: Умар бин аль-Хаттабтан сахих тізбекпен Имам Байхақый жеткізген: "Мажусилер мен кәпірлер мейрамдарын тойлап жатқанда олардың ғибадат ететін жерлеріне жақындамандар да бармаңдар. Өйткені оларға Аллаһ тағаланың қаһары түсіп тұрады.” Және де Умар бин аль-Хаттаб олар мейрамдарын тойлап жатқан кезде оларға жақындамауды бұйырғанын жеткізген. Ең ұлы сахабалардың бірі Абдуллаһ ибн Амр (радыаллаһу анху) айтқан: "Кімде-кім кәпірлердің елінде болып, олармен бірге мейрамдарына қатысса, не тойласып, атап өтіп, өлім келгенше дейін соларға еліктеп өтсе (яғни, егер осы қалыпта өліп кетсе), онда ол ақіретте солармен бірге тірілетін болады.” Аллаһтың елшісі (салиаллаһу алейһи уассалям) айтты: «Кім қай халыққа еліктесе, ол сол халықтан». Сондықтан егер де қайсыбір мұсылман басқа діннің халқына өздерінің ерекшелігі саналатын істерде еліктейтін болса, ол сол халықтан болып қалады. Олардың мейрам жөнінде сенімдері діндегі жаңалық не Құран түсумен күшін жойған зат. Мұсылман күшін жойған не ойдан шығарылған ұстанымдарға еруге құқығы жоқ. Аллаһ тағала діндегі жаңалық істерді қабыл етпейді және муминнің бұл ісіне разы болмайды. Аллаһ тағала айтады: «Шындығында егерде сендер күпірлік жасасаңдар, Аллаһ сендерге және сендердің жасап жатқан істеріңе мұқтаж емес (яғни, бұл жаман іспен тек өздеріңе ғана зияндық жасайсыңдар) және Аллаһ өзінің құлдарының күпірлік еткендеріне қанағаттанып, разы болмайды, ал егер шүкіршілік етсеңдер, Ол сендерге разы болады». Шындығына келгенде тойлауға қатысу не құттықтау діндегі жаңалықпен не күнаға қатысқанмен құттықтау болып саналады ғой, ал бұндай мұсылман өзін Аллаһтың қаһарына ұшыратқалы тұр. Осыған қоса ол діндегі жаңалықты жақтап, оның таралуына септігін тигізеді. Қазіргі мұсылман жамағатының жағдайына көз салыңызшы, қалайша олар тез адасушылыққа бой алдырып қойады, жаңа жыл, әулие Валентин, туған күн, 8-наурыз сияқты және басқа да ислами емес кәпірлердің ойлап шығарған мейрамдарын тойлауда яһудей, христиандарға еліктеп кетеді. Мұсылмандар қазір сондай әлсіз және кәпірлер мұсылмандарға ықпалын оңай тигізе алады. Бұл пайғамбарымыз айтқандай келіп тұр: «Сендер бұрынғы өткендердің жолымен жүріп, соларға еріп кетесіңдер…» Қазір көріп тұрғанымыздай мұсылмандар яһудей мен христиандарға барлық істерде еліктейді, тіпті мейрамдарда да. Ал сіздер олардың мұсылман мейрамдарын тойлағанын көрдіңіз бе өміріңізде? Қай яһудей, қай христиан құрбан айт кезінде құрбан шалады? Қайсысы ораза ұстап, қайсысы ифтар қылады?
Неге мұсылмандар кәпірлерге сонша еліктеп, бұны тастағысы келмейді? Бұл олардың мейрамдары, өздері мәз-мейрам болып тойлай берсін, мұсылмандарда өздерінің мейрамы бар. Бұдан қашу не онда қатыспау қаталдықтың, ызалылықтың және өшпенділіктің белгісі емес. Бұл тек біздер мұсылмандар үшін мейрам болып саналмайды және шаттыққа негіз емес. Осы жоғарыда айтылғанның дәлелі ретінде имам Ибн Қайим сөздеріне, осы күнгі ғұламалардың ішінен Мұхаммад ибн Салих аль-Мунаджид, Сауд Арабиясындағы ғұламалардың бас кеңесіне жүгінемін деп батыл айта аламын. Бұл шейхуль-Ислам ибн Теймияның да пікірі.
Соңында, Аллаһтан мұсылман қауымын дәріптеп, оған күш-қуат беріп, қадамдарын нық етіп, оларды Құран мен сүннетті берік ұстаушылардан етуін сұраймын. Бұл Оған қиын емес, шындығында Ол барлығына күші жетуші. Және бұл туралы Аллаһ жақсы біледі. Пайғамбар Мұхаммадқа, жанұясына және оның сахабаларына Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!
Р. Кудаев