9-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН 2-НҰСҚА
1. Батыс типті мемлекет белгісі:
1) тоқыраулық сипаты бар
2) шенеуніктік аппартат жоқ
3) абсолюттік монархтың болмауы
4) билік көзі – жерге меншіктің болуы
5) жерге қоғамдық меншіктің болуы.
2.Әлеуметтік ұйым, егеменді биліктің жалғыз сақтаушысы:
1) қоғамдық ұйым
2) халықаралық ұйым
3) мемлекет
4) бүтіндей қоғам
5) еңбек ұжымы.
3.Мемлекеттің негізгі принциптері қандай:
1) жалпыға міндетті ережелердің және билік пен басқарудың, салық жинаудың арнайы аппаратының көмегімен белгілі бір аумаққа таралатын мемлекеттік суверенитет
2) билік
3) ұлттық валюта
4) полиция, армия
5) салт, халық.
4. Мемлекеттік суверенитет - бұл:
1) мемлекеттік биліктің ішкі және сыртқы саяси мәселелерді шешудегі дербестігі мен тәуелсіздігі
2) ашық-саяси ұйымдардың болуы
3) қоғамдық бірлестіктердің болуы
4) түрлі партиялар
5) оппозициялар.
5. Мемлекеттік орган басқару формасы бойынша алқалы:
1) агенттік
2) департамент
3) министрлік
4) парламент
5) басқару.
6. Құқық принциптерінің қайсысы салалық?
1) әділдік
2) келісушілік тәртіпті қамтамасыз ету
3) сендіру мен мәжбүрлеудің; үйлесімі
4) теңдік, адамгершілік
5) заңдылық.
7. Басқа әлеуметтік нормалардан бірін-бірі ерекшелендіретін құқықтық нормалардың ерекшеліктері:
1) дінмен ұқсастық
2) жалпыміндеттілік, нормативтілік
3) қоғамдық пікірмен қамтамасыз етушілік
4) регулятивтілі;
5) моральмен ұқсастық.
8. Әлеуметтік нормалар:
1) адамдар арасындағы қатынастарды реттейді
2) адамдардың табиғатқа деген қатынастарын сипаттайды
3) бұл техникалық нормалар
4) ақыл-ойға негізделген мінез-құлықты реттейді
5) техникалық нұсқаулықтар.
9 Әлеуметтік нормаларды кім белгілейді:
1) президент
2) құдай
3) қоғам
4) сот
5) парламент.
10. Зорлық-зомбылық теориясы бойынша мемлекеттің пайда болуының басты себептері қандай?
1) бір тайпалардың екінші тайпаларды жаулап алуы және бір тайпаның екінші тайпаға үстемдік орнатуы
2) таптардың пайда болуы және олардың арасындағы бітпес күрес
3) ақшаның қалалар мен қолөнердің пайда болуы
4) климаттың өзгеруі және өндіріс құралдарының дамуы
5) мемлекетті құру үшін адамдар арасында ерікті келісімдердің жасалуы.
11. Мемлекеттің пайда болуының патриархальды теориясының басты идеясы қандай?
1) мемлекет отбасының көбею жолымен отбасынан пайда болады
2) мемлекет бір тайпалардың екінші тайпаларды зорлықпен жаулап алу жолымен пайда болады
3) мемлекет теңсіздік, жеке меншік, таптар мен олар арасында күрес пайда болған кезде пайда болады
4) мемлекет әрқашан болған, адамдармен бірге пайда болған; ерекшелік себептері бойынша пайда болған
5) мемлекет бағыну, күштіге тәуелді болу сияқты адам психологиясындағы ерекшеліктердің себептерінен пайда болады.
12.Мемлекеттің шығыс (азиялық) типінің негізгі белгісін атап көрсетіңіз:
1) бұл мемлекеттер жерге мемлекеттік және қоғамдық меншікке негізделген
2) бұл мемлекеттер жерге жеке меншікке негізделген
3) бұл мемлекеттерде билік көзі меншік болып табылады
4) қуатты шенеуніктік аппарат жоқ
5) бұл мемлекеттер қалалар-республикалар ретінде пайда болған және бар.
13. Мемлекеттің пайда болу процесін біршама объективті көрсететін теория:
1) органикалық
2) теологиялық
3) тарихи-материалдық
4) келісімдік
5) патриархальдық.
14. Мемлекет пен құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептері:
1) еңбектің қоғамдық бөлінуі
2) еңбек өнімділігінің артуы
3) рулардың ыдырауы және жанұялар мен тайпалардың пайда болуы
4) жеке меншіктің пайда болуы
5) қалалардың пайда болуы.
15. Құқықтың пайда болуының алғашқы қайнар көздері:
1) дін
2) салт
3) мораль
4) тыйымдар, салт, мораль, дін
5) тыйым.
16. Құқықтың салттан айырмашылығы:
1) құқықты не тікелей мемлекет қалыпьастырады немесе басқа әлеуметтік ұйымдардың (қоғамдық, корпоративтік) қатысуымен және оның бақылауымен қалыптасады
2) құқық қоғам мүшелерінің қоғамдық корпоративтік және жеке мүдделерінің еркі мен балансын білдіру болып табылады
3) құқық нормативтік актілер түріндегі жазбаша формада көрінеді
4) құқық –мемлекеттің мәжбүрлеу аппаратымен арнайы құрылған
5) құқық –қоғамдық бірлестікпен арнайы құрылған.
17.Құқықтың пайда болуының алғашқы қайнар көздері:
1) монархия
2) тирания
3) деспотия
4) анархия
5) республика.
18. Мемлекеттің негізгі белгісін атаңыз:
1) ту, елтаңба, әнұран
2) билік, салт
3) ұлттық валюта
4) мемлекеттік суверенитет
5) саяси партиялардың болуы.
19. Мемлекеті басқа саяси ұйымдардан бөліп тұратын белгіні:
1) құқықтық актілердің шығуы
2) меншікті иеленуі
3) конституциялық актінің болуы
4) ғарышты игеруге монополия
5) халықаралық ұйымдармен байланыс.
20. Мемлекеттің қандай белгісі мемлекет билігінің үстемдігін айқындайды:
1) құқық қабілеттілік
2) құқық субъектілік
3) мемлекеттік суверенитет
4) әрекеттілік
5) құқық шығармашылық.
21. Құқық нормаларының өзара байланысы мен келісушілігін көрсететін құқық белгісі:
1) регулятивтілік
2) мемлекеттің кепілдігі
3) жүйелілік
4) құқықтың еріктік сипаты
5) формалды анықтық.
22. Аталғандардың қайсысы құқық белгісіне жатады:
1) жалпыміндеттілік, нормативтілік
2) діншілдік
3) салттармен байланыс
4) қоғамдық пікірмен қамтамасыз етілушілік
5) моральмен байланыс.
23. Адамның мінез-құлқына ықпал етудің қандай тәсілдері құқық нормаларында бекітілген:
1) тыйымдар, құқық күші
2) моральдық сентенциялар
3) саяси үндеулер және бағдарламалар
4) декларациялар, үндеулер
5) адамгершілік жағынан әсер ету.
24. Құқық - бұл:
1) мемлекет; белгілеген мінез-құлықтың жалпыға міндетті ережесі
2) моральдық принциптер
3) дұрыс мінез-құлыққа бағыт беруде қоғамға кеңес беру
4) діни идеялар, адами бағыттар
5) бағыт-бағдар және әдеттер.
25. Құқық принциптері - бұл:
1) құқықтық презумпциялар
2) мемлекет еркі
3) құқық белгілерінің жиынтығы
4) құқықтың негізгі және басшылық ету бастамасы
5) құқықтың пайда болуының түрлі теориялары.