+3 дауыс
11.1k көрілді

Қазақ рулары туралы мына көрсеткіш қаншалықты рас?

рулар, қазақтар саны, рулар саны, ұлы жүз саны, орта жүз саны,

70 000 сіргелінің ішінде мен де бармын.

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Рудан қорқудың, үркудің қажеті жоқ. Ру - қазақ болмысының бір бөлігі. Қандағы қанттың мөлшері сияқты дүние. Қантсыз қан болмайды. Мүмкін емес. 
Қант жеткіліксіз болса адам ағзасындағы заттар айырбасы нашарлап, жүрек ауруларына соқтырады, мидың қоректенуі нашарлап, адам жиі есінен танып, тіпті комаға кетіп жатады. 
Қант мөлшері тым көп болып кетсе, бұл қатерлі ауруларға, әсіресе диабетке апарып соқтырады. Адам ағзасы дұрыс жұмыс істемей, ішінен шіри бастайды. Аздық та, көптік те адам өліміне апаруы мүмкін. 
Яғни, руымызды, жеті атамызды білу міндет. Бірақ оны міндетсінуге жол жоқ.
Руын, тарихын білмеген адамның толыққанды қазақ болуы екіталай. Себебі жан-дүниеңнің үлкен бір бөлігін білмеу, түсінбеу, оған тиісті мән бермеу трагедия, рухани өлім, мәңгүрттік. 
Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады. Ру тарихы - қазақ тарихының құрамдас бөлігі. Оны зерттеу, білу бөлінуге емес, бірігуге итермелеуі тиіс. Себебі ру о бастан бөліну үшін емес, бірігу үшін құралған қоғамдық институт. Оны қазақтың ішіне іріткі салу үшін зерттеп, біліп жүргендер қазақ ұлтының да, өз руының да жауы, кеще, надандар.
Яғни қоғамымыз қашан да ағзадағы "қанттың мөлшерін" реттеп отыруы керек. Осы мәселемен айналысып жүрген әрбір азаматтың құлағы түрік, көкірегі ояу болуы тиіс. Рудың қазақ тарихы мен болмысындағы рөлін төмендетуге де болмайды, оны абсолюттендіруге де болмайды. Алтын ортамен жүріп өту қажет.

Айдос Сарым. 

+1 дауыс
Бұл көрсеткішті ешкім нақты айта алмайды.
0 дауыс
Ысық 20000 адам соның ішінде мен бармын )))
+1 дауыс
Әрине нақты мәлімет емес, онадай санақ жүргізілген жоқ қой, қандай деректерге сүйеніп жасалғаны белгісіз (шамамен жасалған болар)
0 дауыс
Жобамен жасалған сияқты.
0 дауыс
Бейресми санақ ғой, нақты болмағаны. Жобамен жазған, мысалы менен ешкім келіп руымды сұрамады санақ жасап жүрміз деп))
0 дауыс
Жобамен жазған гой оны
0 дауыс
Нақыт емес әрине
0 дауыс
Мен мына санақпен келісе алмаймын, бұл өткен ғасырдағы санаққой калкуляьорға салып барін қоссаң 3милионнан арен асады! одан бері жүз жыл болды, еліміздегі қазағымыздың өзі 11,2милионнан асады, оған сырттағы 4,5 млн қазақты қоссаң 15,7 млн қазақ бар екен, яғни біз сол кезде 3млн-ң төңірегінде болсақ 5 есе көбейген боламыз! Осы жоғарыдағы статистикага сай əр бір рудың өкілі өзін 5есе көбейткенде шыққан санмен келіседі деген ойдамын!
0 дауыс
Наймандар көп па деп ойласам)))) Негізі шамамен алынған ақпарат болу керек....
0 дауыс
Қият руы туралы мәлімет бересіздер ма?

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
21 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 27.02.2022 Махаббат сұрақ қойды
...