Гольф – ең ежелгі спорттық ойындардың бірі. Ол арнайы таяқпен допты соғу арқылы ойналады. Гольфтің отаны – ежелгі Грекия елі. Орта ғасырларда Данияда гольф ойыны қайта жанданып, арнаулы ережесі (1440) жасалды. Ойын құралдары салмағы, көлемі жағынан бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Қазіргі кездегі гольф добының салмағы 50, 22 г (1,62 унция), диаметрі 4,68 см (1,68 дюйм). Гольфті әр жастағы ерлер мен әйелдер ойнайды. Ойын АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Уэльс елдерінде жақсы дамыған. Гольф ойыны арнайы жасалған жасыл алаңда өтеді. Алаңның аумағы 91 м-ден 546 м-ге дейін жетеді. Ойыншылардың мақсаты – допты таяқпен соғып, шұңқырға түсіру. Доп түсіретін шұңқырдың диаметрі 11 см, ал тереңдігі 10 см. Доптың ұшу қашықтығы мен ұру күшіне байланысты он екі арнайы таяқша (ұзындығы 1,1 м) қолданылады. Гольф екінші және үшінші Олимпиялық ойындар (1900, 1904) бағдарламасына енген болатын. Соңғы кезде гольф ойыны Қазақстанда да дами бастады.
Атақты ойыншылары төмендегілер http://golf.spb.ru/znamenitie-igroki-v-golf
Томми Армоур,Гарри Вардон,Джон Дейли,Бобби Джонс