«Жұмыстан шаршап, бір отпускной алам да, Түркия қыдырып кетіп қалам!» — дегенді айтамыз да, естиміз де. Алайда, барарын барып алып, қай жерлерді қыдыратынын білмесеңіз де болмайды. Қыдыруды жаны сүйетін жандар үшін ақыл-кеңесті аямай төгейін.
Түркияның курорттық жерлері өзіндік ерекшілігімен атақты. Оның басқалардан айырмашылығы — бірегейлігінде. Яғни, кез келген маусымға арналған арнайы жерлері мен бағдарламалары бар. Түкрияға тек ақшасы тасып жүрген бизнесмендер мен провинциалық студенттер ғана барады деп ойласаңыз, қатты қателесіз.
Кемер қаласы
Тып-тыныш, бірқалыпты курорттық аймақ. Қалалық у-шудан шаршаған жандарға жан таптырмас жер. Жұмсақ климатты жерде орналасқандықтан, ауа райы жағынан жапа шекпейсіз. Оған қоса, бұл аймақ қалың ормандармен қоршалып, салқын жел соғып тұратын жағажаймен көрнектелген. Табиғаттық атмосфера сізге денсаулығыңызға пайдалы микроклимат пен естен кетпес сәттер сыйлайтынына кәміл сенемін. Курорттың бағасын арзан деп айта алмайсың. Яғни, саяхат өзінің бағасына сәкес тұрады. Тіпті, яхта жарысының майталмандарының орталығы десек те қателеспейміз. Демалыстың кереметтіліг соншалық бастан тебуі әбден мүмкін. Алайда, қалтадан да жақсы тебеді.
Аланья, Мармарис, Бодрум — жастардың орталығына айналғаны бірінші бес жылдық емес. Қаны қайнап тұрған жастар осы орталықта өте көп жүреді. Экстрималдық су спорты жақсы дамығандықтан, кез келген жаны сүйер қыдырушы мырзалар мен ханымдар жанын сергіту үшін көп келеді. Саяхаттаушының да қызықты жаңалықтар ашылуына себепкер болатын бірден бір керемет орын.
Анталия и Белек — курорты бала-шағамен, я болмаса жарыңа ерекше бір сыйлық жасап, демалып қайтатын жер. Белектің мақтан тұтатыны жұмсақ, тап-таза құмы мен жағаны шайып жатқан мөлдір тұнық суы. Атақты демалыс орындары мен жағажайларына тәнті болатыныңыз сөзсіз. Ауа райының бір қалыпты жылы бола бастауы сәуір айынан бастап қазан айына дейін сол қалып созылады. Туристтер үшін бұл өте құнды ақпарат.
Белек — ең таңдаулы да аты шулы қала. Курорттық жерлердің ең үздігінен шықса еш таңқалмаңыз. Халықаралық дәрежедегі голья орталығын салдырғаннан кейін адамдардың құжынап жататын жеріне айналды. Бұл жерде сіз ең қымбат қонақүйлермен олардың шебер қызметтерімен танысасыз. Және де басқа да дүниелік кереметтерді табасыз.
Анталия — отбасылық қыдыруда алғашқы орынды иеленетін атақты курорттық жер. жыл сайын ағылып келетін туристтердің арқасында, көптеген қызмет түрлерінің бағалары арзандаған. Яғни, орта айлықпен өмір сүретін отбасылардың да еш қиналмастан демалып қайтуларына болады. Ересек адамдардың таңдауына қарай әр түрлі қызықты әрі cауықтыратын бағдарламалар дайындалған. Ал, балалар мен жас-өспірімдер де зерігетіндей хәлде емес. Олар үшін аниматорлық ойындар мен қозғалмалы ойын-сауық жерлері жасалған.
Бәрі Сіздің не қалайтыныңызға байланысты. Егер құмды жағажай мен жасыл шөпті қаласаңыз – Белек, егер тауларды, қайыңдар мен тасты жағажайды іздесеңіз – Текирова, егер көңіл көтеріп, сауық-сайран құрғыңыз келсе –Мармарис, Кемер және Бодрум қалаларындағы қонақүйлер, ал егер кішкентай баламен демалысқа барсаңыз – Авсалар-Алания жолындағы ауылдарға барған жөн. Тағы бір айтып кететін жәйт. Қонақ үй таңдаған кезде ол туралы көбірек мағлұмат алып, туристердің пікірімен танысып алғаныңыз жөн.